Сапаға мән беруді тапсырды

Қала басшысы Әнуар Омар өткен аптаның соңында қала көшелерінде төселіп жатқан жолдардың сапасын көрді. Ағымдағы жылы шағын қалаларды дамыту бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен 298млн. теңге бөлінген.

Қаладағы Жастар, Б.Момышұлы, Б.Бұлқышев, Ө.Байқоңыров, С.Асатов, Жеңіс, Т.Дүрментаев, Первостроителей көшелерінің және Абай, Ерден көшелері мен Сәтбаев даңғылына қарасты аулааралық жолдарды қайта жаңғырту қолға алынған. Бұл міндетті қарағандылық мердігер компания «Сарухан» ЖШС мен «Арм-Строй» ЖШС атқарып келеді. Қазіргі күні 7 көшеге асфальт төселген. Жақын арада Б.Момышұлы мен Первостроителей көшелерінің жолын жаңарту жоспарланып отыр.

Абай, Б.Бұлқышев, Ө.Байқоңыров көшелеріндегі жолдың төселу барысын көрген Әнуар Серікбайұлы компания өкіліне жолды төсеудегі кейбір кемшілікті жуық арада жойып, жұмыстың санына емес, сапасына мән беруді тапсырды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.