Ішек ауруларының алдын алу

Ішектің ауруларына сальмонеллез, дизентерия және әр түрлі энтероколиттер жатады. Негізінен микробтар тағам, су және кір қол арқылы асқазан мен ішекке түседі. Қоздырғыш түрлерінің өте көптігінен адамдар бұл аурумен бірнеше рет ауыруы мүмкін.Аурудың басты белгісі – дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің әлсін-әлсін ауруы өтуі. Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Диарея мен құсудың салдарынан ағза құрғақшылыққа ұшырап, сәбилердің өміріне қауіп тудырады. Кейде аурудың белгілері анық білінбей, алдап соғуы мүмкін. Сондықтан, аталған белгілердің бірі байқалысымен-ақ дәрігерге көрініп, емді бастау керек. Сырқат болған адаммен болған қарым-қатынастан, дұрыс жуылмаған шикі жеміс-жидектерден, көкеністерден жұғады. Ал, өсімдіктердің топырақ арқылы зақымдануы мүмкін. Бүлдірген, құлпынай сияқты ұсақ жидектерді микробтардан тазарту қиындау болғандықтан оларды сүзгіге салып, ағынды судың астында жуып, қайнаған сумен шаю керек. Микробтарды тасымалдаушы шыбын-шіркейлер болғандықтан, алдымен соларды жою керек. Сүт өнімдері тез бұзылатындықтан оларды сататын-тарататын тұлғалар санитарлық тәртіптерді қатаң сақтау керек.

Күмәнді жерден тамақ ішуден тыйылып, диета сақтап, сұйықтан көп ішуге тырысқан жөн. Сосын тамақ ішер алдында, тамақ әзірлегенде қолды дұрыстап жуу, жеке бастың гигиенасын сақтау, тез бұзылатын тағамдарды шағындап алып, тоңазытқышта сақтау, ауланы, дәретхананы таза ұста сияқты күнделікті өмірдегі қарапайым ережелерді сақтау керек. Ішек ауруларының болмауына ауладағы қоқыс салынатын жәшіктердің айналасының, жалпы қаланың тазалығы үлкен ықпалын тигізеді.

Дәрігер кеңесі

Қотыр – жұқпалы паразиттік ауру. Дененің қышуы – осы дертке тән белгі. Дерттің қоздырушысы – қотырдың кенесі. Бұл кене мысықта, итте, сиырда, жылқыда, сондай-ақ кемірушілер мен құстарда (көгершін) болады. Кене денеде (теріге) енгеннен кейін үсті, беті жағы сұрғылттанып, тереңге кеткен жіңішке өзегінің бойы ұрықтанады. Содан бірнеше апта өткен соң қотырдың жаңа кенелері өсіп-өнеді.

Жұғу жолдары:

Ауру адаммен бір төсекте жатқанда, киімінен, моншада, ал балаларға ойыншық арқылы жұғады. Инкубациялық кезеңі 7-10 күнге тең. Аурудың белгілері көбінесе алақан терісінде, әсіресе, жыныс мүшелерінде, әйелдің емшегінің үстінде көрінеді, ал қарын және жамбаста керісінше сирек кездеседі. Нәрестелердің табанында, саусақтар арасында түйір-түйір қотыр көрінеді. Ауру жедел басталып (яғни қышу), әсіресе, түнде қатты қышып, түйіншек-көпіршікті бөртпелер пайда болады. Көп қасынудың нәтижесінде теріде ұсақ қанды қабықтар түзіледі. Бөртпелердің өзінің орналасатын бейімді жерлері болады. Өздерін таза ұстайтын кейбір ауруларда қотыр жолдары мүлде болмауы мүмкін. Қотырдың белгісі білінісімен, неғұрлым дәрігерге ерте қаралып тиісті ем қабылдаса, науқас соғұрлым тез жазылады.

Мысалы: Сәтбаев қаласында 2009 жылы 6 айда 1 ауру тіркелсе, ал 2010 жылы 6 айда 7 ауру тіркелді.

Жұқпалы дертке шалдықпаудың жолы – жекебастың тазалығын сақтау. Аптасына бір рет моншаға түсіп, киім-кешек пен төсек жаймасын, көрпе, жастық қаптарын ауыстырып тұру қажет. Қолды жиі-жиі сабындап жуып жүрген дұрыс.

Т.Қылышбаев,

врач дерматовенеролог.

Тырысқаққа қарсы күрес шаралары

Тырысқақ (холера) – Эль-Тор виброны қоздыратын аса қатерлі жұқпалы ішек-қарын ауруларының бірі.

Тырысқақпен ауырған адам лас қолымен азық-түлікке араласып тамақ дайындаса, үй мүлкін ұстаса сол арқылы қоздырғыштардың сай адамның асқазанына түсуіне мүмкіндік туады. Ауырып қалған адам бір екі рет іші өткенге бірден мән бермей екі апта бойы вибрион тасушы болып жүре береді. Сөйтіп, маңындағы адамдарға әр түрлі жолдармен ауруын жұқтырады. Тырысқақ қоздырғышы ауру адамның нәжісінен жауын-шашын сулары арқылы шайылып ашық суларға, құдыққа түседі. Сөйтіп, қоздырғыш микрою ұзақ мерзімге дейін адам денесімен сырт жерлерде өмір сүреді.

Мәселен, қоздырғыш ашық су қоймаларында бірнеше айға дейін, қайнамаған суда 25 күнге дейін тіршілігін жоймайды. Жеміс-жидек тағамдарында 7 күн, сары май, сүт, балмұздақта 14 күн, тұздалған етте 21 күн, шикі етте 7 күн, нанның сыртқы қабығында 7 күнге дейін тіршілік етеді. Тырысқақ  қоздырғышы ауру адаммен  сау адамға әр түрлі жолмен жұғады. Аурудың қоздырғышы түскен су арқылы, ластанған үй-мүлкі арқылы, ауру адамның лас қолымен дайындалған, ластанған жеміс-жидектер арқылы, сонымен бірге, шыбын арқылы жұғатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан, тағамдарды ішер-жер алдында әбден қуырып, не пісіріп барып жеу керек. Ал, компоттар, шырындар, сүт тағамдары яғни, суықтай желінетін тағам түрлері өте қауіпті.

Аурудың алғашқы белгілері жиі іш өту, құсу, нәжістің сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтуынан аз уақыттың ішінде нәжіс түсін жоғалтады күрін суына ұқсайды. Науқас бірте-бірте әлсізденіп, басы айналып, аяқ қолының бұлшық еттері тартылып, денесі қалшылдайды, дене қызуы төмендейді.

Тырысқақ ауруының жұғу жолын жақсы юілу, оған күресті мезгілінде ұйымдастыруға көмектеседі.

Тырысқақ ауруына қарсы күресте ауруды мезгілінде тауып, ауырған адамды маңындағы сау адамдардан бөлектеудің үлкен мәні бар. Дезинфекциялық дәрілерге тырысқақ қоздырғышы өте сезімтал келеді (хлорамин ертінділері, фенол).

Ауру адамдарды ауруханаға орналастырған соң, оның орнын заласыздандырып қарым-қатынаста болған барша жанға тексеру жұмысын жүргізу керек. Ауырған адамның бөлмесі, төсек орны, ыдыс-аяғы, керек-жарағы түгел залалсыздандырылуы қажет. Ауру адамды неғұрлым ауруханаға ерте орналастырып, залаласыздандыру тез жасалса, соғұрлым аурудың жұғу қаупі төмендейді.

Ауру адамның семья мүшелерін, онымен қатар қарым-қатынаста болған адамдарды да емдеу орындарына жатқызып вибрион тасымалдаушылыққа тексереді. Тырысқақ ауруынан сақтану үшін мынадай ережелерді есте сақтау керек:

–       егер ішіңіз өтіп, қызуыңыз әдеттегі қалпынан төмендесе өз бетіңізбен дәрі-дәрмек ішпей, дереу дәрігер шақыртыңыз. Уақытында алған дәрілік көмек өз өміріңізді және семья мүшелерінің денсаулығын сақтайды.

–       тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабындап жуу – тырысқақ ауруын болдырмаудың бірден-бір кепілі.

–       қайнамаған су, піспеген сүт, шала жуылған жеміс-жидек тағамдарын жемеуді әдетке айналдыру керек.

–       үй ішін, ыдыс-аяқты таза ұстап, шыбынды жойып, тазалық сақтау тырысқақ ауруын болдырмаудың басты шарты екенін естен шығармау керек. Жеке бас гигиенасы, тағам даярлау, сақтау шараларын бұлжытпай орындасаңыз тырысқақ ауруы маңайыңызға да жуый да алмайды.

Сальмонеллез

Сальмонеллез – сальмонел инфекцияларының салдарынан ішек жолы қызметінің бұзылуы, интоксикация түрінде байқалатын ауру түрі. Ауру қысқа ғана мерзім ішінде белең алып, тез жайылады. Барысы ауыр, жазылуы ұзаққа созылады. Сырқаттың дене қызуы көтеріліп, күніне бірнеше реттен іші өтеді, бойы әлжуазданады.

Сальмонелдер қолданыстағы затарда, тұрмыстық та, өндірістік те ортада ұзақ уақыт бойы өмір сүруге қабілетті. Олар, әсіресе, құс өнімдері, ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер тәрізді азық-түлік түрлерінде көп шоғырланады. Аурудың өршуі көбінесе халықтың санитарлық мәдениеті мен сауатының аздығынан, тез бұзылатын өнімдердің дұрыс сақталмауы мен жарамдылық мерзімінің сақталмауынан болады. Мұндай азық-түлік түрлеріне ет өнімдері, құс өнімдері, сүт және сүт өнімдері, кондитерлік және кулинарлық өнімдер жатады. Бұл орайда, әсіресе, тауық еті мен жұмыртқа қауіпті.

Бұл сырқатпен барлық жастағы адамдар науқастануы мүмкін десек те, екі-үш жасқа дейінгі сәбилер жиірек ауырады. Сальмонеллез инфекциясына ауыр және созылмалы ауруға ұщырағандар, түрлі сырқаттардан енді сауығып жүрген адамдар бейім. Сондықтан, ауырған кезде өз бетіңізші емделмей, үйге дәрігер немесе жедел жәрдем қызметін шақыртып, дәрігер кеңестерін бұлжытпай орындау қажет. Бұл дерттің алдын алу үшін мынадай ережелерді ұстану шарт:

–       қайда болсаңыз да жеке бас тазалығын сақтаңыз;

–       өзіңіз алатын ет пен сүт, құс өнімдері ветеринарлық-санитарлық сараптаудан өткен болсын. Бұл өнімдерді кездейсоқ орындардан, кір ыдыстардан, өнім сапасының медициналық куәландыруынсыз алмаңыз;

–       суды қайнатып, сүтті пісіріп барып қана пайдаланыңыз;

–       көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, буға бұқтыру қажет;

–       көлденең жерлерден қайда әзірленгені белгісіз бәліш, салат, кәуап тәрізді тағамдардың алмағаныңыз дұрыс;

–       тез бұзылатын азық-түліктерді тек тоңазытқышта сақтаңыз.

Құтыру ауруының алдын алу

Ауруды қоздырушы – өте ұсақ организм – вирус. Вирус ауру хайуанаттың сілекейінен бөлінеді. Ауру хайуанаттардың тістеу салдары арқылы сілекей тырналған жерге, сонымен қатар зақымдалған теріге, мұрын, ауыз және көзге түсуі арқылы жұқтырылады. Табиғатта инфекцияны қасқырлар, түлкілер, шакалдар, мангустар таратады. Қазіргі таңда ауру үйсіз-күйсіздерден және мысықтардан беріледі. Сондықтан, олар құтырған хайуанаттар мен ауырып қалған үй жануардардың арасын байланыстырушы буын болып табылады. Содан кейін адамға берілуі мүмкін. Жануарлардың құтыру белгілері әр түрлі болады. Негізгі белгілері – сілекейінің ағуы, судан қорқақтану, ызалану, тартылу. Иттер мен мысықтардың құтыру түрі әлдеқайда қатты болады. Жануарлар бұрыш-бұрыштарға тығылып, үйден жиі қашады, нашар тамақтанады. Иттер жеуге келмейтін кез келген заттарды мүжгілей түседі. Дауыстары қырылдап қалады, не болмаса таза құрып кетеді. Құтыру ауруының қауіпті басқа түрі ол – тыныш баяу түрі, сонымен қатар ауру түрі әлсіз байқалады және кеш таралады. Ауру адамға жануардың тістеп алу салдарынан жұғады. Ең қауіпті тістелген жерлер – бас, бет, мойын, қол және аяқ. Қтыру ауруымен ауыратын жануарлардың сілекейі зақымданған теріге, ауыздың жұқа терісіне және көзге тисе ауру жұғуы бір талай. Егер құтыру ауруына күдікті жануар тістеп алса міндетті түрде құтыру ауруына қарсы егілуі керек, яғни, антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобулин, бұл өлімнен құтқаратын жалғыз амалы. Құтырған жануар тістесе антирабикалық егуінен басқа ешқандай ем көмектеспейтінін әрқашанда білуіміз қажет, бір-ақ оның нәтижелігі медициналық көмегіне тиісті уақытында барып, үзбей ем алу. Осыған орай, емдік курсынан бас тартпай керек. Қаланың және тұрғылықты жердің барлық ит пен мысықтар тұқымдарына қарамастар әр жыл сайын құтыру ауруына қарсы егілуі керек. Егілмеген иттерді алаңдарға, фермаларға, табындарға жібермеу керек. Адамдарды тістеген ит пен мысықтарды міндетті түрде иесіне немесе үйсіз күйсіз жүретін жануарларды аулайтын арнайы мекемге, 10 күн ішінде ветеринарлық мамандардың қадағалауына және оқшаулауға ветеринарлық емдеу ұйымына әкелінсін. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін дендері сау жануарлар вакцинациядан кейін 30 күн ішінде қайтарылады. Ауруға душар болған жануарлар Қазақстан Республикасының Заңына сай жойылады. Жануарларды құтыру ауруына қарсы егілу жайлы арнайы құжаттарында белгіленеді. Ауру жануарлардың болған барлық жеріне дезинфекция жүргізіледі. Құтыру ауруы таралған жерден ауырмайтын жануарлардан алынған жүн ауылдан арнайы ыдысымен тығыз материалмен ветеринарлық куәлігінде жүн дезинфекцияға жататындығы жайлы көрсетуімен қайта өңдейтін кәсіпорынға жеткізіледі. Ауырмайтын жануарларды жабайы хайуанаттар тістесе, егілгеніне қарамастан өртеуге жіберіледі. Үй итін қысқа шынжырмен ұстау керек. Міндетті түрде ауыз қабы болу керек және бөтен ит пен мысықтарға жақындатпау керек, өйткені дала жануарлары өлім тудыратын ауруды таратады. Сондықтан, әр адамды ит пен мысық тістесе, міндетті түрде травматологқа көрінуі керек және толық емдік курсын аду керек. Әр адам салауатты өмір салты үшін өзінің өміріне, денсаулығына өзі қарау керек.

Комментарии закрыты.