Құрметті жерлестер! Уважаемые земляки!

Біздің елімізде көптеген мерекелер және атаулы күндермен қатар, сөзсіз, жүрек толғандыратын мереке – Қарттар күні аталып өтеді. Мұның өзі аға ұрпаққа деген құрмет, олардың ел дамуына қосқан үлестерін және сіңірген еңбектерінің маңызын мойындау болып табылады. Біз жыл сайын алтын күз келген шақта барлық күш-жігері мен білімін өз халқына арнаған, жастық шағын келер ұрпақ тәрбиесіне берген қарттарымызға қошемет көрсетеміз.

Ардақты біздің қарияларымыз, ата-әжелеріміз! Сіздер өткен өмір ақыл-парасаты мен тәжірибесін жинақтаған, біздің жөн сілтеп, жол көрсетуші асыл қазынамызсыздар. Біз Сіздердің үнемі қасымыздан табылып, бізбен бірге болғандарыңызға шексіз ризамыз.

Осы бір тамаша мерекеде Сіздерге бала-шағаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығына толы бақытты ғұмыр тілейміз. Әрдайым аспандарыңыз ашық, күндеріңіз жарқын, дендеріңіз сау, қуаныштарыңыз көп болсын. Мерекелеріңізбен!

Об уважении ко всем членам общества, признании их заслуг и значимости их труда говорит тот факт, что в нашей стране, наряду со многими праздниками и памятными датами, отмечается, безусловно, волнующий для всех праздник — День пожилых людей. Ежегодно, в золотую осеннюю пору мы чествуем тех, кто все свои силы и знания посвятил своему народу, кто отдал здоровье и молодость воспитанию будущих поколений.

Дорогие наши ветераны, дедушки и бабушки! С вами мудрость прожитой жизни и опыт многих лет, вы направляете нас и указываете путь. Мы благодарны вам за то, что вы рядом с нами.

В этот праздничный день мы хотим пожелать вам долгих лет, полных любви ваших детей и внуков. Пусть небо над вашей головой всегда будет мирным, а солнце – ясным. Здоровья вам и радости!

С праздником!

Ізгі тілекпен, Сәтбаев қаласының әкімі Ә.С.Омар.

Мәслихат хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.