Жаңа қоғамды ілгерілетуді көздейді

Жаңа қазақстандық қоғам құру идеясын жүзеге асырудың нақты жолдарын Елбасы өз Жолдауында атап көрсетті. Алдағы алар асуымыздың жаңа межелеріне жету үшін «Нұр Отан» ХДП-ның қосар үлесі де қомақты. Партия өз тарапынан Елбасының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын ілгерілетуде алдағы онжылдықтың жаңа құжатын әзірледі.

Халықтық партияның 15 жылдық мерейтойының аясында қабылданғалы отырған бұл құжатта адам капиталының дамуына ерекше көңіл бөлінген. «Біздің негізгі құндылықтарымыз – адам, бостандық, бірлік, әділеттілік, заңның үстемдігі, отбасы және дәстүр, болашаққа ұмтылыс». Адам капиталы дамыған қоғамда саяси жаңғыру, экономикалық өсу өз нәтижесін береді. Біздің қоғамдағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жоғарғы құндылыққа жатады. Әр азамат әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, өз мақсат-мұратына жету үшін өзгелермен тең мүмкіндіктерге ие.

Жасампаз елміздің жаңа бағыттағы жолына біздің қоғам үшін білімді, білікті, ата дәстүрді сыйлайты, өмірден көріп-білгенін тәжірибе жүзінде алмаса алатын тұлға қажет. Ол үшін білімнің негізі мықты болуы шарт. Партияның бес бағыттан тұратын бұл саяси құжаты –жаңа қазақстандық қоғамның өркендеуі мен ондағы әр азаматтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы түйіткілді мәселелерді шешетініне күмән жоқ.

С.Мырзақоңыров, қалалық мәслихаттың депутаты.

Комментарии закрыты.