Кемел елдің кепілді құжаты

Қазан айының 18-жұлдызына жоспарланған «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» деп аталатын жаңа саяси доктрина қабылданады деп күтілуде.

Бас партияның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген бұл құжат екі айдан бері халықтың талқысына салынып келеді.

Доктринаның жаңа бағыттың мақсаттары – табысты дамудың жеті факторы бірлік пен келісім, төл мәдениет және руханият, қуатты экономика, әділ әлеуметтік саясат, зияткер ұлт, тиімді мемлекеттік басқару, әлемге ашық Қазақстан. Бұл міндет-мақсаттар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» ұзақ мерімді Стратегиялық бағдарламасымен астасып жатыр. Біздің қоғамның болашақтағы кепіл құжаты болғалы тұрған партияның көздеген міндеттері ауқымды.

Құжатта көрсетілгендей партия әділ қоғам құруға ұмтылып, қоғамда азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі. Әр адамның жеке әлеуетін іске асыруға тең мүмкіндіктер жасалады. Адамдар өмір сүру сапасының жоғары стандартына сай өмір сүретін болады

Халықтық партияға айналған «Нұр Отан» ХДП-ның Доктринасының жобасында партияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықты ұлы мақсаттарға ұйымдастыру жайы ойластырылған. Бүгінгі қол жеткізген табысымызды сақтай отырып, ертеңгі күніміздің жаңа табысын, жетер жетістігін қамтыған құжаттың ел халқы үшін берер пайдасы мол деп сенеміз.

Д.Баймағамбетов, Социалистік еңбек Ері.

Комментарии закрыты.