Мерекеге дайындық

№5 орта мектебінде ұйымдастырылған  «Балдырған» сауықтыру  алаңында көптеген қызықты іс-шаралар жалғасын табуда.

Сауықтыру алаңы ашылған күннен бастап балалар әр күндерін қызықты, мәнді де мазмұнды өткізуде.Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толады. Осыған орай біздің сауықтыру алаңында тәрбиеші мұғалімдер Л.Сүлейменова мен Р.Есімсейтованың  ұйымдастыруымен  «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты  іс-шара болып өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясы  еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет етіп,  әр азаматтың қауіпсіздігін,  олардың мүдделерін, ар-намысын қорғайды. Бұл шара оқушылады әділдікті ту еткен ел екенімізді төрткүл жұртқа паш еткен қасиетті Ата Заңымыздың қадір-қасиетін ұғынып, оған құрметпен қарауға  Отанын, елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелейді.

Балалар Қазақстан, Астана, туған жер туралы  өлеңдер оқып, әндер айтты.

Кеш соңында викториналық сұрақтар қойылып,балалар білімдерін көрсетті.

З.Биназарова, бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.