Ұстаздар ұлықтаған шара

Өткен сенбі күні Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Мұғалім күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Кеш шымылдығы облыстық білім беру басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтың құттықтауымен ашылды. Кеншілер қаласының ұстаздар қауымын экран арқылы құттықтаған облыстық басқарма басшысы аймақтағы білім беру саласында Сәтбаев қаласы ұстаздарының шоқтығы биік тұрғанын ерекше атап өтті.

20131011-10-1-1

Салтанатты шарада қала әкімі Әнуар Омар ұстаздар қауымын мерейлі мерекелерімен құттықтады. Ол педагог болу жүрек қалауы екендігін атап өтті.

–Мұғалім күн сайын жас ұрпақтың бойына адалдықты, әділеттілікті, өз елі мен еңбекті сүюді сіңіреді. Мұғалім – қасиетті мамандық, олар біздің баға жетпес байлығымыз – өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Сіздер таңдаған жол ешқашан оңай болған емес, бірақ сіздер өздеріңіздің жүрек қалауларыңызға адалсыздар, – деді әкім Әнуар Омар.

20131011-10-1-220131011-10-1-3Бұдан соң кезек марапаттау шараларына берілді. Әкім Әнуар Омар әуелі республикалық «Үздік мұғалім – 2013» байқауының жеңімпазы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бұхар Аманға Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасын, осы мектептің математика пәнінің мұғалімі Наталья Шакинаға облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Келесі кезекте қала басшысы облыс әкімінің «Білім беру ісін дамытуға зор үлес қосқаны үшін» арнайы сыйлығы – 1 000 000 теңге сыйақы иегері болған қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шынар Жанасыловаға арнайы диплом мен сертификатты салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатта сондай-ақ өздерінің еселі екбектерімен үлкен жетістіктерге жетіп жүрген бір топ ұстаздар қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұстаздар күніне арналған салтанатта қалалық мәслихаттың хатшысы Серік Имамбай, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Шынар Жанасылова сахнаға шығып, қалалың ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап, білім беру саласы мен қаланың қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген бір топ мұғалімдарді Құрмет гамоталарымен, Алғыс хаттармен, арнайы Дипломдармен марапаттады.

Ұстаздарды ұлықтаған салтанаттың келесі бөлімі соңғы жылдары дәстүрімізге дендеп енген қала әкімі сыйлығының жеңімпаздарын марапаттауға ұласты. Қаланың 40 жылдық мерейтойы тойланған жылы өтіп отырған биылғы мерекеде әкім сыйлығы 17 номинация бойынша берді. Оның соңғы екеуі әкім Әнуар Омардың ұсынысы бойынша биыл тұңғыш рет енгізіліп отыр. Ол номинацияға кәсіптік білім беру саласының үздіктері мен спорт саласының үздік бапкер-жаттықтырушылары ие болды.

Әр номинацияға үш мұғалімнен ұсынылды. Олардың ішінде жеңімпазына 70 мың, өзге екі үміткерге 15 мың теңгеден әкім сыйықысы тағайындалды. Ал, үздік бапкер-жаттықтырушыларға 50 мың теңгеден сыйақы берілді.

Ұстаздар күніне арналған салтанатта қаланың көркемөнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.

Ізтай Белгібайұлы.

Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.