Кезекті отырыс өтті

Өткен аптада қала әкімі Әнуар Омардың төрағалық етуімен кезекті әкімшілік отырысы өтіп, оған әкім орынбасары А.Ким және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты 15 мәселе қаралды. Бірінші мәселе – «Негізгі мүліктерді беру туралы» қаржы бөлімінің басшысы Е.Сәкеев баяндама жасап, әкімшілік мүшелерінің назарына жарғылық капиталды көбейту мақсатында қалалық мәслихаттың балансында тұрған мемлекеттік нөмері М612CS, көгілдір түсті, 2008 жылы шығарылған Chevrolet Epica автокөлігін «СәтСәулет» ЖШС балансына беру туралы жобасын ұсынды.

Сонымен қатар, отырыс жұмысында «Құрылысы аяқталған нысанды қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау», «2013 жылғы 11 қыркүйектегі №21/31 «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Сәтбаев қаласының әкімдігі қаулысына өзгерістер енгізу», «Жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану құқықтарын беру», «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына қабылдау ережесін бекіту», «Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымға орналастыру» және «Қорғаншы тағайындау туралы» және т.б. сұрақтар қаралды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша толықтырулар енгізіліп, тиісті қаулылар қабылданды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.