Қоларба сыйлады

20131015-01-110 қазан – Мүгедектер күні. Айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, сәлемдесіп, көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын жарымжан жандар үшін бұл күн маңызды. Біреудің көмегіне зәру кембағал жандарға құрметтің қай түрі де артықтық етпейді.

Осыны жақсы ұғынатын көптеген қалталы қандастарымыз кембағылдарға қолдарынан келгенше көмек жасауда. Сондай үлкен жүректі азаматтардың бірі – Қайрат Керімқұлов. Жуырда кәсіпкер жігіт Жезқазған поселкесінің тұрғыны, Светлана Сарбасоваға мүгедектердің қоларбасын тарту етті.

Сенбі күні, Жезқазған поселкесінің әкімі Асылхан Сәдуақасов бастаған топ мүгедек ананың үйіне арнайы келіп, мерекесімен құттықтады.

–Елбасының тапсырмасына орай бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмау мақсатында қолдан келгенінше жағдай жасап жатыр. Оған қалталы азаматтар да өз үлестерін қосуда. Бүгінгі іс шара соның бір парасы. Қайрат балаңыз өзіңізге ерекше сый жасағалы келді, – деп мән жайды ұғындырды поселке әкімі Асылхан Күрдебайұлы.

Бұдан соң «Тазалық 2020» ЖШС директоры, кәсіпкер Қайрат Керімқұлов Светлана Жақсымбетқызына өзі әкелген қоларбаны сыйлады.

–Жыл сайын, мүгедектер күні қарсаңында қала әкімдігінің өкілдері үйімізге келіп, мен сияқты жарымжан жандарға жәрдем ретінде сый-сияпатын жасап келеді. Міне, биыл да осы жақсы іс жалғасын тауып отыр. Тек мүгедектер күнінде ғана емес, кез келген мерекелерде де мұндай қолдау-көмектен құр қалып отырғанымыз жоқ. Ал, бүгінгі құрмет ерекше. Осы орайда мен өзіме үлкен сый жасап отырғын кәсіпкер балам Қайрат Ұзақұлына аналық алғысымды айтамын. Аяқтан мешел болып отырған маған қоларба тарту етті. Бұған дейін де осындай арба сыйлаған еді, – дейді Светлана Жақсымбекқызы.

Орайы келген тұста біз кәсіпкер жігітті де әңгімеге тарттық.

–Бұрын, яғни, Жезқазғаншахтапраходкалау тресін басқарып жүрген кезімде де Севта тәтеге қолдан келгенімші көмектесіп тұратынмын. Осыдан үш жыл бұрын осындай бір қоларба сыйлап едім. Света тәте ол арбасы ескргенін айтып хабарласқан соң мына жаңа арбаны тарту етіп отырмын. Бұл арбаның бір ерекшелігі арнайы қуат көзімен жүреді. Ол Светлана Жақсымбекқызына көп көмек, – дейді Қайрат Ұзақұлы.

Өзіне осындай қамқорлық жасаған кәсіпкер мен қала әкіміне, әкімдіктегі азаматтарға риасыз ризашылығын білдірген Светлана Сарбасова алғысын да жаудырып, мәре-сәре болды.

Ізтай Белгібайұлы.

Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.