«Сәт Сәулеттің» сауапты ісі

20131015-02-120131015-02-2Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Сәт Сәулет» ЖШС-ның басшысы Нұрболат Байыршевтың бастамасымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 3 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Азық-түлік жиынтығында күнделікті қолданылатын қант, май, шайдан бастап, макарон, сүт өнімдері және жергілікті жерден өніп-өскен 40 келі картоп қоса берілді. Сәтсәулеттіктердің бұл сауапты ісіне Гүлнұр Торғаева, Гүлзада Талпақова, Жанар Досанова дәл риза.

– Мейірім мен шапағат мерекесінде қайырымдылық жасаған «Сәт Сәулет» ЖШС-ның бұл ісі көпке үлгі. Олардың бізге деген қамқорлығына ризамыз. Алла тағаланың ризашылығы үшін жасаған қайырымдылықтарын мың есе жақсылыққа жазсын. Еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз, –дейді азаматтар.

Мұсылмандардың ұлы мерекесінде қоғамның әр мүшесін қуантып, сауабын алу баршамыздың парызымыз. Бүгін біз де осы ұлық болған ұлы мерекеде сауапты істен шет қалмай, қаламыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау болсын деп, азық-түлік таратып жатырмыз, – дейді сауапты істің ұйымдастырушылары.

Жылына бір келетін Құрбан айт мерекесінде жетімдеріміздің басынан сипап, әлеуметтік қолдауға зәру жандарға мейіріммен қарап, олардың мұқтаждығын өтеп жатсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Бағдат Қазкенов.

Суретті түсірген Б.Бірманов.

Комментарии закрыты.