Мамандықты жанына серік еткен

Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ, дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан теңіз.

Айта кетсек, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының басшысы жоғары білімді, тәжірибелі маман қыр-сыры мол мамандықты жанына серік еткен, аяулы жар, ардақты ана Қожахметова Гүлнар Саруарқызы туралы жылы лебіз айта кетуді жөн көрдік.

Гүлнар Саруарқызы 1980 жылы кітапхана ма­ман­дығын таң­дап, мәдени ағарту училищесіне түсіп, 1983 жылы үз­дік бағамен аяқтайды.

Кітапхана мамандығын алған жас маман Никольский қаласындағы орталық кітап­ха­наның №12 филиалында аға кітапханашы болып алғаш еңбек жолын бастайды.

1985 жылы Шымкент қа­ла­сындағы Әл-Фараби атын­дағы мәдени педаго­ги­ка­лық институтына тү­седі.

1990 жылы Жезқазған облыс­­тық әмбебап ғылыми кітапханасында аға кітапханашысы болып істеді.

2006 жылы еліміздің мә­дени-рухани өмірінде мән-маңызы айрықша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кенді қалада тағы бір мәдени ошақ – Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ашылды. Сол кітапханаға басшы ретінде Қожахметова Гүлнар Са­руарқызы тағайын­далады.

Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақ­тап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашы – ең қажет, абыройлы мамандық иесі.

Гүлнар Саруарқызы өзі жас болса да, білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қо­сып, өркениетті елге айналуы­мыз­­дың негізін қа­лауда. Кітап­­хананың кітап қо­рының қалыптасуына, құн­ды кітаптармен толығуына көп ең­бек жасап келеді.

Гүлнар Саруарқызы қ­а­жыр-қайратының арқа­сын­да оқыр­ман­дар­­­дың та­л­ап тілегін қана­ғат­тан­дыруда жаңа үрдістерге жол ашты.

Жас мамандардың жү­ре­­­гіне жол тауып, оларды тәрбиелеудегі еңбегі шек­сіз. Еңбек етіп, қоғамдық жұмыс­тарға белсене араласып қана қой­май, өзге де кітапханашылардың атсалысуына көп көңіл бөліп отыр.

Өз ұжымына білім шуа­ғымен қатар, кө­ңіл шуағын да шашып, өз кітапханашыларының үл­кен жетістіктерге жетуіне демеу болып, абырой- атақтарының да асқақтай берулеріне жылдар бойы өз үлесін қосып келеді.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты білімді де білікті, сауатты етіп тәрбиелеу білім бұлағының кәусар көзі кітапханадан, яғни кітапханашыдан басталады. Ендеше, осындай киелі ғимаратта жас ұрпақ алдындағы өзінің міндетін абыроймен атқарып келе жатқан Гүлнар Саруарқызын кәсіби мерекесімен және елудің белесіне шыққан мерейтойымен құттықтап, бақыт, денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.

Г.Соколик, кітапханашы.

Комментарии закрыты.