Біріккен үгіт-насихат тобы

Сәтбаев қаласының әкімшілігі мен мешіт қызметкерлерінен жасақталған үгіт-насихат тобы өз жұмысын бастап кетті.

Қазан айының басында әскериленген тау-кен құтқару жасағына Сәтбаев қаласының Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің наиб имамы С.Нұрғалиев пен Садуақас Ошақұлы атындағы мешіттің бас имамы Х.Мырзагелдиев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Төлеш барып, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттап, өзіміздің ата-бабаларымыз ұстанып келе жатқан Әбу Ханифа мазхабы жөнінде кең мағлұмат берді. Әбу Ханифа мазхабының біздің салт-дәстүрімізге сай келетіндігі жөнінде әңгіме өрбітті. Қатысушылар тарапынан мұсылманның сырт келбетіне байланысты және де басқа ағымдар жөнінде сұрақтар қойылды. Мысалы, сақал қою әдебі және иманға бойұсыну, ымыра-біршілікте болу. Осы сұрақтарға мешіт имамдары тарапынан ауқымды жауап берілді. Сонымен бірге, мұсылман қауымының екі мейрамының бірі – Құрбан айт жөнінде аяттардан, хадистерден дәлелдер келтіріліп, мағлұмат берілді.

Кездесуді қорытындылаған әскериленген таукен құтқару жасағының басшысы үгіт-насихат тобына және жиналғандарға алғысын білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.