Қауіпті де жауапты мамандық

20131018-06-1Сәтбаев қалалық әкімшілігінің қолдауымен 2002 жылдың ақпанынан бастап «Айнакөл» су қоймасының жағасында құрамында 11 адам бар «Сәтбаев қалалық суда құтқару стансасы» құрылды. Жылдың қай мезгілі болмасын құтқарушылар үшін өте жауапты кезең болып табылады.

Су – тіршіліктің көзі десек те, сол судың адам баласына келтірер зияны аз емес. Жаңа ғана бой жазып, көлге шомылып, болмаса су жағалап сайран салып жүрген пенденің аяқ астынан аяғы тайып, не су бетінде қайығы аударылып ғайыптан қайғылы жайға душар болатын кездері қаншама?! Осындай туындайтын қиын­шылықтарға қарамастан су­да құтқару қызметкерлері өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, адам өмірінің қауіпсіздігін суда қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды болдырмаудың алдын алу және азаматтарды құтқару үшін келелі қызметтер атқарады. Құтқарушылардың өз бастарынан қаншалықты жауапты кезеңдерді өткеретіні баршаға мәлім.

Биылғы 2013 жылғы шомылу кезеңінің өзінде Сәтбаев суда құтқару стансасының қызметкерлері суда 7 адамның өмірін құтқарып қалды.Ма­ман­дығын жетілдіру мақ­сатында жұмыс жоспары бойынша техникалық қауіп­сіздікті сақтау, алғашқы ме­ди­циналық көмек көрсету, С-1, С-3, функционалдық міндеттер, су астына түсу сияқты жаттығулармен айналысады. Сонымен бірге, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, спорттық жарыстарға, оның ішінде теннис, футбол, т.б ойындарға қатысып отырады. Сәтбаев суда құтқару қызметкерлері 2013 жылдың суға шомылу кезеңін ойдағыдай өткізіп, өздерінің төл мерекелеріне табыспен жетті.

Сөйтіп, Сәтбаев суда құтқару стансасының қызметкерлері еңбектерінің жемісін көріп, 19 қазан – Құтқарушылар күніне қарсы үлкен құрметтерге ие болды. Қаламыздың 40 жылдық мерейтойында Сәтбаев суда құтқару стансасының құтқарушысы В.Говзец әкімшіліктен алғыс хатпен, сыйлықпен марапатталды.

Сәтбаев суда құтқару стансасы тек «Айнакөлді» ғана емес, Сәтбаев төңірегіндігі 9 көл, 9 өзен, 4 су қоймасы, 7 жасанды су қоймасы, 15 су жинағы, Ұлытау, бұрынғы Жезді су қоймаларын қамтиды. Жыл бойы құтқарушылар Сәтбаев қаласында және Весовая елді мекені мен Жезқазған поселкесіндегі мектептерде болып, судағы қауіпсіздік, алғашқы дәрігерлік көмек, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері және басқа да тақырыптарда әңгімелер өткізіп, профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Жаз мезгілінде ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Айнакөлдің» айналасында жүргізілген рейдтік жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Қиын да, қызықты да, жауапкершілігі зор еңбегімізді елеп, қолдау көрсетіп отырған әкімшілікке, мәслихатқа, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы өкілдері және Жезқазған қалалық төтенше жағдайлар басқармасына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Н.Байзақов, Сәтбаев суда құтқару стансасының бастығы.

Комментарии закрыты.