Кітабын сыйға тартты

20131018-04-1Биыл тоқсанның төріне шыққан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Апбаз Қаражігітовтің Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарыққа шықты.

Алматы қаласы «Таймас» баспа үйінен жарық көрген бұл кітапқа Арқа аймағының абызы атанған қарт қаламгердің үздік туындылары енген.

Екі мың данамен оқырманға жол тартқан кітаптың 100 данасын Апбаз ақсақал кеншілер қаласындағы білім ошақтары мен кітапханаларға сыйға тартуды жөн көріпті. – Кітап – рухани байлықтың көзі. Қай ақын-жазушы болмасын өзінің қаламынан туған дүниелерін кейінгі буынға табыстап кетсем дейді ғой. Сиясы кеппеген кітапты сәтбаевтық оқырмандар, оның ішінде, жастар әңгімелерімді, хикаяттарымды оқи жүрсін деген ниетпен мектептерге, кітапханаларға сыйға тартып отырмын. Кітапты оқыған немере-шөберелеріміз өздеріне қажетін түртіп алар, – дейді жазушы.

Абыздың торқалы тойына үлкен сый болған бұл таңдамалы шығармалар жинағы оқыған жанға мол рухани байлық болары сөзсіз.

Бағдат Қазкенов.

Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.