Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары және қонақтары! Уважаемые жители и гости города Сатпаев!

Сіздерді Рухани келісім күнімен құттықтаймыз!

Діни ұстанымға байланысты қандай да бір айырмашылық болса да, оларды ізгілік, адам өмірі және жақынға деген сүйіспеншілік сияқты ортақ ұғымдар мен құндылықтар біріктіреді.

Өз азаматтарының рухани талпыныстарына құрметпен қарау біздің еліміздің табысты даму негіздерінің бірі болып табылады. Қазақстан бейбітшілік пен келісім салтанат құрған бірегей ел. Мұнда діни конфессиялар достықта өмір сүріп, ортақ мүдде үшін еңбек етуде. Бүгінгі күні бұл әлем қауымдастығы таныған шындық және біз оны баға жетпес байлығымыз деп білеміз.

Құрметті жерлестер!

Әрбір қазақстандықтың жүрегінде жақынына, өз халқына, өз еліне деген махаббаты нығайып, оның жарқын болашақ кепілі болуына тілектеспіз! Баршаңызға бақыт, құт-береке және бейбітшілік тілейміз! Мереке құтты болсын!

Поздравляем вас с Днем духовного согласия!

Каковы бы ни были различия в религиях, их объединяет одно – верность понятиям добра, ценности человеческой жизни и любви к ближним.

Уважительное отношение государства к духовным устремлениям своих граждан – одна из важнейших основ успешного развития нашей страны. Казахстан уникален тем, что в нем царят мир и согласие, здесь религиозные конфессии живут в дружбе и трудятся в интересах общего дела. Мы дорожим этим бесценным богатством.

Уважаемые земляки!

Желаем вам счастья, благополучия и мира! Пусть любовь к ближнему, своему народу, своей стране крепнет в сердце каждого казахстанца и служит гарантом светлого будущего! С праздником!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Ә.С.Омар, Мәслихат хатшысы С.С.Имамбай.

С уважением, Аким города Сатпаев Ә.С.Омар, Секретарь маслихата С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.