Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

20131101-12-1Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жол полициясының жұмыс жоспарына сәйкес №10 орта мектепте қалалық іс-шара ұйымдастырылды.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, велосипед тебетіні, жүріп бара жатқан машинаның артына жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетіннің салдарынан бұзылады. Осы себептерден кейбіреулері машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, ал біреулері жарақат алады, тіпті өмірлік мүгедек болып қалады.

Жолда жүру қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектебімізде «Абайла, бағдаршам!» атты іс-шара өтіп, оған мектеп әкімшілігі және КЖТІЖ тобының мектеп инспекторы Б.Қаппасов қатысты. Шараны мектептің 6 және 7 сынып оқушылары жол ережесінің белгілерінен бастаса, кейін мектептің 8 сынып оқушыларынан құрылған жас жол жасақшылары тобы бағдаршам түстерін, жол белгілерін, зебра мен тротуардан қалай, қай уақытта өту керектігін насихаттады. «Сақтық керек көшеде» әнін орындап, соған сай көрініс қойды. Жас жол жасақшылары тобының жетекшісі Айсұлу Ильясова білім алушыларға викториналық ойын ойнатты. Жақсы жауап берген оқушылар марапатталды. Жиын «Бағдаршам» әнімен аяқталды.

Іс-шара құрылған әзірлемеге сәйкес дәрежеде өтіп, мақсаты мен мазмұны толыққанды ашылды.

М.Ахметова, №10 орта мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі.

Комментарии закрыты.