Жан жылуы

№5 орта мектепте Қамқоршылар күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оған 1-9 сыныптардың қамқоршы ата-аналары мен қамқорлыққа алынған балалар қатыстырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – қамқорлыққа алынған балалардың қоршаған ортада өзін еркін сезінуіне, жүрек жылуына бөленуіне және сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызу және мептеп пен қамқоршы ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Бұл отырысты мектеп директоры Г.Бекішева құттықтау сөзімен ашты. Қамқоршы ата-аналар дөңгелек үстел барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелерді талқылап, мектеп басшыларынан және мұғалімдерден жауаптарын алды. Мектеп психологы Е.Рожнова қамқоршы ата-аналардың еңбектеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, оқушылар өздері дайындаған «Один день жизни в моей семье» атты концерттік бағдарлама қойып, өз қолдарымен жасаған туындыларын ата-аналарына тапсырды.

Бұл іс-шара бір жағынан қамқоршы ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты молайтса, екінші жағынан бірлігі жарасқан отбасы ретінде өздерін көрсете білді.

«Біз отбасымызды суреттейміз» атты қабырға газеттері байқауының қорытындысы бойынша қатысқан оқушыларға және қамқоршы ата-аналарға мақтау грамотасы мен сыйлықтар табыс етілді.

А.Жаханова, әлеуметтік педагог.

Комментарии закрыты.