Ауру да, шипа да – Алладан

20131101-12-4Экстремизмнің алдын алу мақсатында Жезқазған кентіндегі  «Бөбек» балалар шипажайында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесуді Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Бушманова жүргізіп,  қазіргі еліміздегі және әлемде болып жатқан діни ахуал жайлы айтып берді. Одан кейін сөз алған Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің наиб имамы С.Нұрғалиев Исламның құндылықтары және жиһад жайлы кең мағлұмат берді. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде айтылғандай: «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық» – деген кезде, Сахабалар: (уа, Расулуллаһ, үлкен жиһад деген не?) – деп таңғала сауап қойды. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Ол – өз нәпсіңмен күрес» – деп қысқа да нұсқа жауап қайырды. «Жиһад» ұғымы ел басына қауіп төнбей, ешқандай жағдайда қолға қару алып, жиһадқа шығуға болмайтындығы айтылған. Кейбір теріс ағымға ерушілердің түсінігі бойынша «жиһад» ол Алла жолында «шәһид» болу, иманның кемелдігі және «жәннатқа» кіру. Бірақ, бұл дұрыс емес.

Қасиетті Құран кәрімде: «Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса күллі адамзатты өлтіргендей болады» («Мәида» сүресі, 32-аят). Беліне түрлі жарылғыш байлап, өздерінің жанын қию үшін өзіне қол жұмсаған жанкештілер  өздерін «шәһидпіз» деп есептейді. Шәһидтік мәртебе бейкүнә жандарды өлтірумен келетін оңай нәрсе емес. Өз-өзіңді өлтіру исламда үлкен күнә. Құранда «Өздеріңе өздерін қол жұмсамаңдар!» делінген («Ниса» сүресі, 29-аят). Жиналған көпшілікке осындай Құран аяттарымен, Пайғамбарымыз (с.а.с) хадистерімен дәлелдер келтіре отырып, экстремизмнің алдын алу керектігі түсіндірілді. Шипажай қызметкерлері Ж.Әбішева, А.Серікбаева тарапынан «мешітке бармау күнә ма, теріс ағымдар қалай пайда болды?», т.б. сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.

Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.