Өзекті. Полиомелит өмірге қауіпті

Қазақстан бойынша 2010 жылдың 6-11 қыркүйегі аралығында 6 жасқа дейінгі балаларға полиомелитке қарсы жаппай қосымша иммундау шарасы жүргізілмек.Осыған орай бұл ауру туралы оқырмандаға толығырақ мағлұмат беру мақсатында қаламыздағы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Ш.Ш.Сүлейменоваға жолыққан едік.

Шолпан Шаймарданқызы, жалпы Қазақстан бойынша Ұлттық Кампания болып айналысып жатқан балалардың «Полиомелит» ауруы жайлы кеңінен әңгімелеп берсеңіз.

– Полиомиелит – энтеровирустан болатын инфекциялық ауруға жатады.

Оның бастапқы белгілері – дене қызуының жоғарылауы, шаршау, бас ауыру, жүрек айну және аяқтың төменгі жағының ауыруы.

Ауырған әрбір 200 адамның кемінде біреуі параличке әкеп соқтырады, ал қалған 199 жағдайда белгілері көрінбей, ауру жасырын түрде өтеді. Сондықтан, полиомиелит паралич түрінде өзін көрсеткенге дейін қоғамда кең таралуы мүмкін. Полиомиелиттен тыныс алу бұлшық еттерінің семіп қалуы адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

– Таралу жолдарына тоқталсаңыз?

– Полиовирус ауыз арқылы адамнан адамға ластанған тамақ немесе су арқылы, сондай-ақ тыныс алу кезінде мұрын арқылы ағзаға еніп, ішекте көбейеді және нерв жүйесіне зақым келтіреді.

– Аурудың алдын қалай алуға болады?

– Тек полиомиелит вакцинасының көмегімен ғана полиомиелиттің алдын алуға болады. Ол балаларды өмір бойы вирустан қорғайтын өте тиімді жол.

– Егуден басқа ішетін полиомиелит вакцинасы (ІПВ) да бар ғой…

– Ішетін полиомиелит вакцинасы полиомиелиттің тірі, бірақ әлсіреген вирустарынан жасалады және ауызға тамызылады, сондықтан ол «ішетін» вакцина деп аталады. Әлсіреген вирус адамдарды жабайы полиовирустармен болатын байланыстардан қорғай отырып, адамның организмінде иммунитетті оятады. ІПВ-сы адамдарды тікелей қорғайды, сондай-ақ вирусқа сезімтал басқа адамдарды қорғауды да қамтамасыз етеді.

Бұл вакцина ауруды түпкілікті жоя ала ма және қауіпсіз бе?

Иә, ішетін вакцина полиомиелитті түпкілікті жою үшін қауіпсіз және тиімді. Бұл вакцина басқа елдердің тәжірибесінде пайдаланылып, полиовирустың таралуын сәтті жойған.

Бірнеше дозаларды қабылдау балаларға қауіпті емес пе?

ІПВ-ның бірнеше дозаларын балаларға енгізу қауіпсіз әрі зиян келтірмейді, керісінше, әрбір доза баланың полиомиелитке қарсы иммунитетін нығайтады.

– Вакцина барлық балалар үшін қауіпсіз бе?

– Полиомиелитке қарсы вакцина барлық балалар үшін, оның ішінде басқа да аурулары бар және жаңа туған нәрестелер үшін қауіпсіз әрі тиімді құрал болып табылады. Бірнеше рет ішке қабылдаған кезде баланың полиомиелиттен ең жақсы қорғанышы болады, сондай-ақ аурудың бір баладан екінші балаға берілуін тоқтатуға көмектеседі.

– Полиомиелитке қарсы ұлттық кампаниялардың жиі өткізілудегі пайдасы неде?

Кампанияны өткізудің полиомиелитті жою үшін мәні зор. Тіпті ең жақсы ұйымдастырылған кампания кезінде де кейбір балалар қамтылмай қалады. Бұл жабайы полиовирусты жұқтыруы мүмкін балалардың белгілі бір топтарының осалдығына әкеліп соқтырады. Жиі кампаниялар – бес жасқа дейінгі барлық балаларды, оның ішінде кезеңдер арасында туылған балаларды қамтуды қамтамасыз етудің жалғыз тәсілі.

Неге біз еркін елдердегі полиомиелиттің өршуін бақылап отырмыз?

Полиомиелит кез келген жерде дүние жүзіндегі барлық вакцина алмаған балалар үшін қауіпті болып табылады. Тіпті ел 2002 жылы осы мәртебені алған Қазақстан сияқты полиомиелиттен еркін ел болса да, вирустың көрші елдерден келіп, қайтадан тарала бастау қаупі бар. Полиомиелитке қарсы қосымша жаппай иммундаудың елдегі вирустың таралуын болдырмау үшін маңызы зор.

Вакцинаны немесе ІПВ-ны пайдалануға қарсы қандай да бір діни қарсылықтар бар ма?

Жоқ. Барлық дін басылары әрқашан иммундаудың және дүние жүзіндегі барлық елдердегі полиомиелитті жоюдың негізгі жақтастары болып келеді.

Комментарии закрыты.