Мини футболдан турнир аяқталды

Кез-келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық-басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі»- деген сөздің мәні терең. Елбасы Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында да, «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында да халықтың бұқаралық спорт пен денешынықтыру жаттығуларын күн сайынғы дағдыға айналдыруын баса айтқан болатын. Міне, осыған байланысты бұқаралық спортты дамыту мақсатында аймағымызда тиүрлі жарыстар мен біріншіліктер жүйелі, мақсатты түрде өтіп келеді.

Мұндай бұқаралық сипаттағы шаралардан аймағымыздағы іргелі өндіріс ошағы мен оның құрылымдары да қалыс қалып отырған жоқ Бұған кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары мен «Нұр Отан», «Жастар одағы» қоғамдық ұйымдары ұйытқы болуда.

Аптаның басында қаламыздағы спорт-сауықтыру кешенінің футбол алаңында «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалы жасақтарының арасында мини футболдан турнир аяқталды. Оған Жезқазған Және Сәтбаев қалаларына 12 команда қатысты.

–Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында «Кәсіп Қазақмыс» кәсіподағы Жезқазған филиалы ауқымды шаралар өткізіп келеді. Бұл жолы корпорацияның кәсіпорындары мен кеніштерін күзететін «Қорғау қызметі» жасақтарының арасында мини футолдан біріншілік өткізді. Ол қазан айының оны күні басталған болатын. Турнирге Жезқазған өндіріс аймағынан 6 команда, Сәтбаев өндіріс аймағынан 6 команда қатысты. Екі аптаға созылғане тартысты жарыста мықтылардың мықтысы топ жарып шығып бүгінгі ақтық сайыста кү сынасып жатыр, – дейді «Корғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанна Ерғалиева.

Төрайым тілге тиек еткендей екі апта бойы кеншілер қаласындағы спорт-сауықтыру кешендерінде намыстарын жаныған жігіттер бақ сынасып бақты. Турнир барысында барысында күшті құраммен барған командалардың бағы жанды. Солардың төртеуі ақтық сайысқа шықты. Олардың қатарынды №5 команданың футболшылары өздерімен күш сынасқан екі команданың да сағын сындырып, бірінші жүлделі орынды басымдықпен жеңіп алды. Екінші орын №11 команданың футболшыларының еншісіне тиді. Ал үшінші орынды №3 команданың ойыншылары місе тұтті. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және «Нұр отан» паритясы мен «Жас отан» жастар қанаты тағайындаған сыйлықтармен марапатталды.

Турнир қорытындысы бойынша өз командаларының намысын қорғап, шебер ойын көрсеткен жекелеген футболшылар да марапаттан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, №5 команданың қақпашысы Абар Досметов «Үздік қақпашы», №7 команданың ойыншысы Нұрсұлтан Жүніс «Үздік қорғаушы», №3 команданың ойыншысы Серікболсын Батталов «Үздік шабулшы», №11 команданың футболшысы «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.