«Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих» апталығы

Қазан айының 21-26 күндері аралығында №10 орта мектепте ұстаздар «Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих» апталығы өтті.

Аптаның басында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Кендирбаева 7 сынып оқушыларымен «Сын есімнің түрленуі» ашық сабағын өткізді. Оқушылардың пәндер бойынша білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау мақсатында 8-9 сыныптар аралығында «Мектеп көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Сонымен қатар, оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 5-7 сыныптар арасында «Халықтың ұлы тұлғасы – Абай» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс өтті.

Тарих пәні мұғалімі Г.Жумадильдаева 5-9 сыныптар мен мектеп мұғалімдері арасында, білімдерін кеңейту мақсатында «Менің дарынды оқушым» атты танымдық ойын өткізді. Бұл ойынға әр оқушы сынып жетекшілерімен бірге қатысты. «EXPO – 2017» тақырыбына арналған «Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына мемлекет тарапынан көмек қосу» атты дебат ұйымдастырылды.

Аптаның соңында оқушылардың білімдерін шыңдап, Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге, ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 5-9 сыныптар арасында үгіт-насихат топтарының «Мен Қазақстан Республикасының патриотымын» атты жарысы өтті. Жарыста ІІІ орынды 7 сынып оқушылары, ІІ орынды 6 сынып оқушылары, І орынды 8 сынып оқушылары алды.

Іс-шаралар құрылған әзірлемеге сәйкес жоғары дәрежеде өтіп, мақсаты мен мазмұны толыққанды ашылды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.