Педагог кәсібилігін арттыру

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістер білім беру-дің дамуына жаңаша жағынан келуді талап етіп отыр. Сондықтан да  мектептерде білім берудің әдістемелік мазмұнына оң өзгерістер енгізу бағытында біршама жұмыстар жүргізілуде. Ең негізгі міндет – қоғам-ның қазіргі даму кезеңіне жауап беретін білім мен тәрбие берудің жаңа үлгілерін жетілдіре оқыту технологияларын пайдалана білім бе-ру. Осы тұрғыда мұғалімдерге білім берудің тиімді жолдарын қарас-тыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Жақында  №19 орта мектебінде педагог қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоға-мының Қарағанды облыстық филиалының  аға оқытушысы Ғазиза Смағұлова «Оқу мен Жазу арқылы Сыни Тұрғысынан Ойлауды Да-мыту»  жобасы  бойынша ұйымдастырылған оқу семинарын өткізді. Мақсаты – оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту тәсілдерін оқыту, мұғалімдердің сабақ беру үрдісіне деген сыни көз-қарасын қалыптастыру.

Семинар мұғалімдердің өз пәнін оқыту жолда-ры, әдістері мен нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталды әрі педагогтардың оқытуда жаттанды ақпараттан гөрі ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға сыни көзқараспен  қарауларына ықпал етті. Семинарда мұғалімдер СТО кезеңдері, стратегиялары туралы оқып-үйреніп, сабақты ұйымдастыруға қажет кестелер мен сызбаларды қолданып, сабақ үлгілерін жан-жақты талдап, өз бойларынан өткізді. Ғ.Смағұлова сабақта ойлау жағдайларына бастамшы болуға және орта жасауға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдер мен әдістер жиынтығын ұсынды. Қатысушы мұғалімдерге оқу семинары соңында сертификаттары берілді. Берері мол семинар әр мұғалімнің кәсіби дамуына, же-тістіктерге жетуіне жол ашты деген сенімдемін.

Г.Жүнүсова, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.