Сот тоғыз айды қорытты

Қазіргі кезеңде сот жүйесінің алдындағы міндеттерді тиімді шешу үшін ақпарат аясындағы жұмысқа ерекше назар аудару талап етіледі, өйткені  сот беделін көтеру үшін оның маңызы зор.

Соттың міндеттерін ең ашық билік ретінде айқындау мақсатында Қарағанды облыстық соты төрағасының «Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайту» жөніндегі өкіліне сәйкес Сәтбаев қалалық сотында баспасөз конферециясы өткізілді.

Жиынға қалалық соттың судьялары Е.Қуанышев пен Ж.Даниярров қатысып отырды.

Кезекті конференцияны сот төрағасы Р.Мұқатаев жүргізіп, БАҚ өкілдеріне үстіміздегі жылдың 9 айындағы Сәтбаев қалалық сотында қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қорытындысын баяндады. Аталған мерзімдегі сот төрелігін атқару туралы ақпарат бойынша қалалық сотқа 219 тұлғаға қатысты 189 қылмыстық іс түскен, ал 86 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 83 іс қысқартылған.

Жазалау тәжірибесі бойынша 105 тұлға сотталып, 19 тұлға бас бостандығынан айрылған.

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасына 16 қылмыстық іс жіберіліп, оның ішінде 14 тұлғаға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, 4 тұлғаға қатысты үкім өзгертілді. Есеп беру кезеңінде күші жойылған сот үкімдері болған жоқ.

Азаматтық істерге келер болсақ, 1574 арыз түсіп, оның 1421-не іс қозғалды. Осы 9 айда сотқа барлығы 1074 әкімшілік іс түсіп, 8-і қайта рәсімдеуге жіберілді. Сотпен 1044 іс қаралып, оның 371-не әкімшілік айыппұл салынды. Көлік жүргізуге тыйым салынғандар саны – 259, 1 тұлға Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Барлық көрсеткіштер бойынша толық ақпарат берген төраға қалалық соттың жұмыс жоспарында бекітілген іс шараларды жариялауда, сот жүйесінің ашықтығын насихаттауда бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан «СТА» телеарнасы мен «Шарайна» газетінің ұжымына алғысын жеткізді.

— Бұқаралық ақпарат құралдарында соттың қызметін объективті көрсету, сот қауымдастығы өкілдерінің сот билігінің өзекті мәселелері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты проблемалар туралы ой-пікірлерін көпшілік қауымға жеткізу сот жүйесінің маңызды мүдделері. Сондықтан алдағы уақытта да жемісті қызмет атқара береміз деген сенімдемін, — деді Руслан Қалиақпарұлы.

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.