Кәсіпкерлерді қолдау жалғасуда

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Үкіметтің 2012 жылдың 24 мамырдағы №683 Қаулысымен жаңа өндірістік орындар ашу үшін мемлекеттік гранттар бекітілген болатын.

Осыған сәйкес ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік бөлімінде гранттар беруге өтініштер қабылдануда. Осы жылдың аяғына дейін бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 13 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күні 5 жеке кәсіпкерден өтініш түсіп, арнайы құрылған комиссияның шешімімен 1 бизнес-жоспар Ережеге сәйкес емес деп танылды, 1-інің құжаттары қайта өңдеуге жіберілді, үш жоба конкурстық комиссиямен бекітіліп, Қарағанды облысы Аймақтық үйлестіру Кеңесінің қарауына жіберілді. Олар – ЖК Нұртазаханова – жергілікті туризмді дамытуға және Сәтбаевтан авиакасса ашуға бағытталған. ЖК Григорьева – мектеп формасын тігетін және киім жөндейтін ателье құруды және ЖК Жағыпарова – кір жуатын кешен ашуды жоспарлап отыр.

Бұлардың барлығына қайтарымсыз 3 млн. теңгеден бөлініп, қазір бизнес-жоспарлары қорғалуда.

Кәсіпкерлер берілген қаржыны кәсіпорын ашуға қажетті негізгі құрал-жабдықтар алуға, көзделген мақсатқа ғана жұмсаулары керек. Яғни жер немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе жалға төлеуге рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік грант бөлінген жобаның жүзеге асуын «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бақылауға алуға құқылы.

М.Жаппасбаева, жаңа өндіріс орындарын ашуға бөлінетін мемлекеттік гранттар бойынша комиссия мүшесі.

Комментарии закрыты.