Ұлт мұрагері – иманды ұрпақ

«Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта» атты онкүндік №25 орта мектептен бастау алып, қаланың барлық білім беру мекемелерінде жалғасты. Жалпы орта білім беретін №15 және №27 орта мектептерде өткен діни тренингке ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай, Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің бас имамы Абдрахманов Бақдаулет және Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Гүлсім Есмұрзаева қатысты.

Шоқанов Сансызбай осындай жақсы игі іс-шараны ұйымдастырып отырған ұстаздарға рахмет айтты. Ислам адамды бейбітшіліке, жасампаздықа, ізеттілікке, сабырлыққа, жамандықтан тыйып, жақсылыққа үндейтін хақ дін екенін айтып, жастарды білімді, саналы, жан-жақты болуға шақырды. Бас имам Бақдаулет қажы жастармен осындай кездесулер жиі өтуі керектігінің маңызына тоқталды. Шетелден енген жат ағымдардың жастардың санасын улап, сол ағымның шоқпары етіп жатқандығын айтып, олармен қоғам, ата-ана болып бірге күресуге шақырды. Осы он күн ішінде мектептерде, мекемелерде діни экстремизмнің алдын алу бойынша дөңгелек үстелдер, ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылып, «Западня», «Слепая вера» атты бейнефильмдер көрсетілді. Білім ошақтарында «Дін және жастар», «Ұлт діңгегі, ұрпақ мұраты – Ислам», «Дініңді сақта» т.б. тақырыптарға шығарма жазу байқауы, «Мен өз күшіме сенемін» атты семинар-тренинг өтті. №27 орта мектепте «Қазақ халқының діни ұстанымы және салт-дәстүрі атты композициялық қойылым көрсетілді. Оған білім бөлімінің қызметкерлері, ұстаздар, оқушылар қатыстырылды.

Қараша айының 4-не дейін созылатын онкүндікте мешіт, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, теолог, психолог мамандармен кездесулер өткізілмек.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.