Қамқор жанға құрмет

Қазақ жетім көрсе желбіреп, ет жүрегі елжіреген халық емес пе? Қамқоршылар күніне орай №3 білім беретін мектебіміздің әлеуметтік педагогы және оқушылары Қатира анамызды мерекесімен құттықтап барып, сыйлықтарын табыс етті.

Бекмагамбетова Қатира екі бірдей немересін өз қамқорлығына алып, асырап отырған жан. «Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» — дегендей, перзенттеріне қамқорлық көрсетіп отырған аналарымызды құрметтеуге, ізет көрсетуге бағытталған бұл шарадан балалар да ұлағат алып, алғыс арқалап қайтты. Тек атаулы күнде ғана емес, басқа уақытта да мектебімізде осындай игі іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.

А.Орынбаева.

Комментарии закрыты.