Дініңді сақта, салтыңды сатпа

Дін қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Дінге деген көзқарастар әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан дін дегеннің не екенін, оның қысқаша тарихын танып, білу әрбір оқушыға қажет.

Осыған байланысты қазан айының 21-30 аралығында «Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта, ел болашағы – жастар!» атты онкүндік өтті.

Онкүндікте аталмыш тақырыпқа байланысты мектебіміздің мұғалімдері – М.Кендирбаева мен А.Кудабаева 7-9 сыныптарға шығарма жаздырды. Тәрбие ісінің меңгерушісі М.Ахметова мен бастауыш сынып мұғалімі А.Ильясова «Діни сауаттылық» тақырыбында сауалнама жүргізді. Тарих пән мұғалімі Г.Жумадильдаева мен 9 сынып жетекшісі К.Аймағанбетова 8,9 сыныптармен «Ислам – татулық пен келісім діні» атты тәрбие сағаттарын өткізді. Ал, кітапхана меңгерушісі Р.Бабашева 7-9 сыныптар арасында «Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу экстремизмге және радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру» деген тақырыпқа баяндама жүргізді. Өз кезегінде мектеп мұғалімдері А.Тулегенова мен Г.Жумадильдаева дін тақырыбына байланысты бейнефильмдер мен суреттер ұсынды.

Онкүндік аясында дәстүрлі дін өкілдерімен кездесу өткізілді. Бұл кездесуді Сәдуақас Ошақұлы атындағы мешіттің имамы Хамит Мырзагелдиев жүргізді. Кездесу барысында діни сауаттылықты көтеру, басқа діни ағымдарға  еліктеушілік және діни конфессиялар туралы ақпараттық-тісіндірме жұмысы жасалды.

Өз тарапынан мектеп оқушылары мешіт өкіліне сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесуге мектеп мұғалімдері, оқушылары және ата-аналар қауымы қатысты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.