«Күз аруы-2013»

20131108-04-1Жақында №5 орта мектебінде 7-9 сынып оқушылары арасында «Күз аруы-2013» байқауы өтті.

Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өнерге баулу мақсатында өтті. Сайыс таныстыру, өз өнерін көрсету, қолөнер, «Егерде мен…» тақырыбына  эссе жазу және күзгі сән киім үлгісі сияқты бөлімдерден тұрды.

Арулар әр кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 3 орынды 8 «Б» сынып оқушысы Айым Шәкірова иеленсе, 2 орынды 8 «А» сынып оқушысы Александра Большикова қанжығасына байлады. Ал жүлделі 1 орынды 7 «Б»сынып оқушысы Махаббат Молдиярова  жеңіп алып,  Күз аруы атанды.

А.Медеубаева, №5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.