«Экологиялық марафон»

20131108-02-120131108-02-2Осындай тақырыпта қаламыздағы Оқушылар сарайында «Көркем қолданбалы- экологиялық  әдістеме» бөлімінің ұйымдастыруымен экологиялық бағытта жұмыс істейтін үйірмелер арасында жарыс өтті. Жарысқа бағыт бойынша  жұмыс істейтін барлық үйірмелер қатысты.  Қосымша білім беру ұстазы Аяулина Г жетекшілік ететін «Жас натуралист», «Табиғаттану»  үйірмесінен «Табиғат жанашырлары» тобы, қосымша білім беру ұстазы Сейпишова Т.С жетекшілік ететін «Жас биолог», «Жас зоолог» үйірмелерінен «Ақ қайың» тобы,  қосымша білім беру ұстазы Сүлейменов Д.Д  жетекшілік ететін «Өлкетану», «Қызықты география» үйірмелерінен «Жер Ана» тобы өздерінің экологиялық білімдерін ортаға салды. Жарыс тақырыпқа байланысты «Қазақстан экологиясы» тақырыбында бейне- фильмнен басталды. Жарысқа қатысушы топтар кезеңдер бойынша өздерінің табиғатқа жанашырлықтарын көрсете білді.

Жарыс топтардың өздерін таныстыруынан басталып, «Табиғатым- қорғаным», «Музыкалық- сыр сандық», «Экологиялық сөздік», «Біздің аула», «Экологиялық сенбілік», «Табиғатқа жанашырлық», «Күз сыйы»  кезеңдері бойынша экологиялық білімдерін, сауаттылықтарын көрсете білді. «Экологиялық  сенбілік», «Күз сыйы» кезеңдерінде балалар қажетсіз заттарды іске асыру мақсатында өздерінің   шеберліктерін көрме арқылы көрсете білді. Жарыс соңында қатысқан топтар жүлделі орындармен, сыйлықтармен марапатталды.

«Көркем қолданбалы- экологиялық әдістеме бөлімі» меңгерушісі Байсадыкова Э.С

Комментарии закрыты.