Абай жолы — ғибратқа толы

Данышпан ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толуына орай Б.Бұлқышев атындағы кітапхананың өлкетану бөлімінде көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.Абай мұрасы біраз зерттелген де, зерттеле беретін де тақырып. Ақын тұлғасы, бейнесі әдебиетшілер, зерттеушілер, қылқалам шеберлері, мүсіншілер, театр-кино өнерпаздарының шығармаларына, туындыларына арқау болған, бола да бермек. Бұған қысқаша айтар болсақ М.Әуезовтың жазушылық өміріндегі бас шығармасы «Абай жолы» эпопеясы, басқа да жазушылар шығармалары, көптеген Абайтанушылардың зерттеу кітаптары, бейнелеу өнерінде Қазақстан Халық суретшісі Ә.Қастеевтің Абай бейнесін сомдаған портреттері, ҚР-ның Халық суретшісі, мүсінші Х.Наурызбаевтың Алматыда Республика сарайының алдында орнатылған Абай ескерткіші. Еліміздің бас қаласы Астанада да биыл ақынға арналған ескерткіш бой көтерді (ескерткіш авторы мүсінші Б.Досжанов), кино өнерінде 50-ші жылдары түсірілген «Абай әндері» атты фильмде қазақ өнерінің корифейі Қ.Қуанышпаев сомдаған Абай рөлі т.б. айғақтар дәлел болады.

Осы және баспасөз беттерінде жарияланған материалдар мен Абайдың әр жылдарда жарық көрген өз шығармалары кітап көрмесінде қамтылды.

З.Әбушахман.

Комментарии закрыты.