Қаланың намысын қорғауда

Апта басында Қарағанды қаласында әлемге аты әйгілі боксшы С.Сәпиевтың бокс орталығында еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орайластырып бокстан республикалық турнир өтуде. ХХХ жазғы Олимпиада ойынының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Сәпиевтің жүлдесін 1998-99 жылдары туған жасөспірімдер сарапқа салуда.

Осы республикалық біріншіліктің аймақтық іріктеу кезеңі жиырма сегізінші қазан мен бірінші қараша аралығында өткен болатын. Іріктеу сынағына балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 5 жаттығушысы Жанат Түшенов, Қаныш Сейтазимов, Қанағат Ниязов, Батырлан Жаңабергенов, Әсет Алпысбаев қатысты.

Аймақтық кезеңде Қаныш Сейтазимов, Қанағат Ниязов, Жанат Түшенов үздік ойын өрнегін көрсетіп, республикалық турнирге жолдаманы жеңіп алды. Аталған үш жас боксшы бокс алаңында қаланың намысын қорғауда.

Бұларды бәйгеге баптап қосқан спорт шеберіне үміткер жаттықтырушы Сұлтан Жұмабек пен Әнуар Үмбетжанов.

Республикалық деңгейде өтіп жатқан бокс бәсекесінде жастарымыздың бәсі биік болсын деп тіледік.

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.