Жолдау. Әр адам өз денсаулығына жауапты

Өткен жетіде қаламыздың көпсалалы емханасында Елбасының 2010 жылдағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында келген Қарағанды облысының жолаушылар көлігі мен автобобильдер жолы Басқармасының жолдар құрылымын жетілдіру бөлімінің бастығы Е.Қ.Түсіповпен кездесу болды.Кездесуді ашып сөйлеген қала әкімінің орынбасары М.С.Мәдиева Елбасының бұл Жолдауы ел үшін үлкен бір маңызды оқиғалардың бірі болғанын атап өтті. Жолдаудың бір ерекшелігі – бұл құжат – Қазақстанның он жылдық даму стратегиясы. 2020 жылға дейін еліміздің қандай бағытта дамитынын Қазақстан Президенті айқындап берді.

Осы Жолдауды насихаттау үшін облыс көлемінде, қалалар мен аудандарда ақпараттық-насихат топтары құрылған. Дәрігерлемне болған осы кездесуде облыстық топтың мүшесі Е.Қ.Түсіпов Жолдаудың негізгі тұжырымдарына тоқталып, Елбасы айқындап берген әлеуметтік бағдарламалар бойынша облыста атқарылып жатқан шаралар жайында айтты. Мәселен, жұмыспен қамту бағытында жалпы 2010 жылы 1242 адам еңбекке тартылды. Жолдарды жөндеуге келсек, Жезқазған өңірінде Сәтбаев – Малшыбай – Бозтұмсық – Ұлытау автомобиль жолының 14 шақырымында кезекті жөндеу жұмысы өтеді. Оған бөлінген қаражат 27 млн 103 мың теңге. Сонымен бірге, Ұлытау – Жезді – Қарсақбай – Байқоңыр – Қоскөл жолының 4 шақырымы жөнделеді. Ол үшін бюджеттен 19 млн 863 мың қаражат бөлінген.

Аталған жөндеу жұмыстарына еңбекпен қамту орталығында тіркелген азаматтар тартылады. Жолдарды жөндеу бағдарламасы келесі жылы да өз жалғасын табады. Бұл бағдарламаға 1 млрд 300 мың теңге бөлу жоспарланып отыр. Тек қана Ұлытау аймағында, Сәтбаев қаласын қосқанда 48 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. – Бұл мәліметтер кейін нақтыланады, көрсеткіш артуы мүмкін, – деді Е.Қ.Түсіпов. Сөз соңында Қарағандыдан келген өкіл белгіленген бағдарламаларды іске асыру үшін біркісідей жұмылып атқарсақ, мемлекет алдында тұрған мақсатқа жететінімізді айтып, қорытындады.

Кездесуде М.С.Мәдиева Жолдауда мемлекеттің басты құндылығы – адам, оның өмірі екені нақты айтылғанын атап өтті. Осы құндылықтың қалыпты дамуы үшін әлеуметтік салаларда барлық жағдайлар жасалуы керек. Елбасы әр адам өз өмірі үшін, денсаулығы үшін жауапты екенін басты назар аударуда. Сондықтан бәріміз, оның ішінде денсаулық саласының қызметкерлері салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтандыру, спортпен айналысуды насихаттаулары керек.

Жлдауда 2020 жылғы қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30 %-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20 %-ға қысқарту мақсаты қойылғанү Бұл бағытта біздің қалада біршама шаралар атқарылуда. Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, қалада сәби өлімі өткен жылдың мерзімімен салыстырғанда төмендеді. Бірақ та, облыс көрсеткішпен салыстырғанда жоғары. Туберкулез ауруымен кұресу де өзекті мәселе. Қалада жаңа емхананың іске қосылуымен бұл жұмысты қарқынды да сапалы жүргізу мүмкіндігі бар.

Қала әкімінің орынбасары салауатты өмір салтына тоқтала келек, емхана ұжымын қыркүйек айында өтетін Денсаулық фестиваліне белсене қатысуға шақырды.

Кездесуде Марал Сағынайқызы Елбасының тапсырмаларын орындау бағытында атқарылып жатқан басқа да шараларға тоқталды. «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстар жайында айтты.

Марал Сағынайқызы емхана ұжымының дәрігерлері қаланың зиялы қауымының бір бөлігі екенін еске салып, Елбасының жүргізіп отырған саясатын дұрыс түсіндіретін саналы, білімді азаматтар деп санайтынын айтты.

М.Әбішев.

Комментарии закрыты.