«Қолжетімді баспана – 2020»

20131122-02-01Мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты – халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Сондықтан, Елбасы бұл бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуын жіті назарда ұстап келеді. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға баса мән берілуде.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын іске асыру негізінде біздің қаламызда да құрылыс саласының қарқын алғаны байқалады. Нақтырақ айтар болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес, Сәтбаев қаласы бойынша соңғы бес жылда жалпы ауданы 65231 шаршы метр тұрғын үй салынып пайдалануға берілді. Оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 5768 шаршы метр болатын төрт 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 4146 шаршы метр 48 пәтерлі бір тұрғын үй салынды. Сондай-ақ, Наурыз көшесі 3В мекен жайындағы жалпы ауданы 5920 шаршы метр екі 35 пәтерлі тұрғын үй, Комаров көшесі 9А мекен жайдағы жалпы ауданы 2900 шаршы метр болатын көппәтерлі тұрғын үй сатып алынды. Осылайша, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен жоспардағы 8200 шаршы метрдің орнына 10517 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе жоспар 128% құрады.

Қазіргі таңда Сәтбаев қаласының әкімшілігінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 1017 азамат тұр. Оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін 2013 жылдан 2020 жылға дейін әр жыл сайын 8008 мың шаршы метр, немесе барлығы 64,071 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет.

2013 жылға Сәтбаев қаласында «Қолжетімді  баспана – 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында қаржыландырудың барлық көздерінен 8951 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспары бекітілген. Қаңтар-қазан айларында жоспардағы 4800 шаршы метрдің орнына 6247 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етілді. Жоспарды орындау 130% және 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (3315 ш.м.) 188% құрады.

2013 жылы қалада 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 167 198,0 мың теңге көлемінде жалдамалы тұрғын үй сатып алуға бөлінген қаражат есебінен Комаров көшесі 9А мекен-жайдағы жалпы алаңы 2116,8 шаршы метр болатын көппәтерлі тұрғын үй сатып алынды.

2013 жылы жаңа құрылыстарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша  «Сәтбаев қаласының Батыс тұрғын үй ауданының инженерлік-коммнуникациялық инфрақұрылымын дамыту» нысаны бойынша қазіргі таңда 6 кВт желісіне 14 дана, 0,4 кВт желісіне 46 дана тіреуіш, 44 дана шырақ және қуаттылығы 400 кВт болатын 2 кешенді трансформаторлық станция орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде (Бас мердігер – «Лаборатория электроснабжения» ЖШС).

Тұрғын үй жинақ банкі жүйесі бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй салу бағытында да жұмыстар атқарылуда. Бұл бағытта ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 1029 шаршы метр 4 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған үйдің құрылысы 2014-2015 жылдарға жоспарланған.

Аталған 4 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйге қажетті инженерлік желілердің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама өңдеуге 857 мың көлемінде қаражат бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысына сәйкес, «Дала-центр» ЖШС жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аяқталуы желтоқсан айына жоспарланған.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру шеңберінде бұлардан басқа да ауқымды шаралар атқарылуда. Мәселен, бағдарламаны әрі қарай жүзеге асыру үшін құрылыс жүргізілетін алаңдар толықтай жобалық-жоспарлық құжаттамамен қамтылған. «Казгипроград» жобалық институтымен өңделген және бекітілген 2025 жылға дейінгі есепті мерзіммен қаланы дамытудың Бас жоспары бар.

Бірінші кезектегі құрылыс алаңдары болып №6 шағын аудандар, Батыс, Шығыс кішіқабатты және жеке тұрғын үй алаңдары, Ерден көшесі  анықталған. Мемлекеттік бағдарламаны орындау және тұрғын үй кезегін азайту үшін қазіргі таңда екі 56 пәтерлі 4 қабатты тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама бар. Аталған жобалар бойынша Қарағанды облысының құрылыс басқармасына құны 449 547,2 мың теңге болатын бюджеттік өтінімдер ұсынылды. №6 шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмыстарын ағымдағы жылдан бастау жоспарлануда.

Гүлбану Бәкірова, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы.

Комментарии закрыты.