Діннің асыл құндылығын дәріптеді

20131122-12-02-2Қазақ жеріне Ислам дінінің асыл құндылығын дәріптеуге арнайы келген шейх Ибрахим Хамдулла Хафиз Мұхаммад  журналистермен сұхбаттан  кейін қалалық әкімдікте мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Кездесуге қала әкімі Әнуар Омар, ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Қабылбек қажы Жұмабеков қатысты.

Еліміздегі діни ахуал мен жиһад төңірегінде әңгіме өрбіген кездесуде  түйінді-түйінді мәселелер қозғалды. Жүздесуде қала басшысынан бастап, мемлекеттік қызметкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Қаладағы мекемелер мен кәсіпорындарда да шейхпен кездесулер өтті.

Қоғамда өткір тұрған діни ахуалға  қатысты бұл жерлерде де қызу талқылаулар болып, сұрақтарға жауап қайтарылды.

Бір апта бойы әртүрлі әлеуметтік топ мүшелерімен, атап айтқанда, өртке қарсы қызмет еңбеккерлерімен, білім беру саласының қызметкерлерімен, Жезқазған шахтапроходкалау трестінің еңбеккерлерімен, спорт саласының мамандарымен, еңбек биржасында есепте тұрған қоғамдық қызметкерлермен, мәдениет саласының қызметкерлерімен, шахта жұмыскерлерімен, мешіт жамиғатымен, соның ішінде «сәләфи» бағытын ұстанушылармен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жүздесті.

Египеттен келген ұстазбен кездесуге 3 мыңға тарта жұртшылық қамтылып, Ислам дінінің  асыл құндылығы төңірегінде қызу талқылаулар болды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.