Тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу

Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz   немесе www.pki.gov.kz  интернет ресурсы арқылы көрсетіледі.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалауыңызша екі жолмен алуға болады:

1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін  жақын маңда орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады.

2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет. Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген үш кезеңнен тұрады (1-қадам — Нұсқаулықты оқу және БҚ орнату, 2-қадам — онлайн-өтінімді беру, 3-қадам — онлайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу).

Бағдарламалық жасақтама орнату:

1.Java бағдарламалық жасақтама;

2.ҰКО негізгі сертификаттары.

Егер сіз автоматты орнатушының көмегімен негізгі сертификатты орнатуға қиналсаңыз, онда қол режиміндегі негізгі сертификатты жүктеңіз және іске қосыңыз.

Онлайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу:

Онлайн-тапсырыс бергеннен кейін оны Тіркеу орталығында растауыңыз қажет.

Жеке тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізімі:

Тапсырыстың нөмірімен және өтініш берушінің қолтаңбасымен өтініш (белгіленген үлгіде);

Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты – (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша жеке куәлік);

Үшінші тұлғамен алушының мүдделерін ұсыну кезінде — белгіленген үлгіде нотариалды куәландырылған алушының (жеке тұлғаның) өкіліне сенімхатты беруіңіз қажет.

Заңды тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізімі:

Тапсырыстың нөмірімен және өтініш берушінің қолтаңбасымен өтініші (белгіленген үлгіде);

Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты – (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша жеке куәлік);

Бизнес-сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің тұпұсқасы/нотариалды куәландырылған көшірмесін беруіңіз қажет;

Заңды тұлғадан өтініш берушіге – тіркеу куәлігінің иесіне (белгіленген үлгіде) сенімхат. Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының қызметіне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі ұсынылады.

Ескерту:

1 айдың ішінде құжаттарды бермеген жағдайда тапсырыс жойылатын болады.

А.Аяпбергенов, ХҚКО инспекторы.

Комментарии закрыты.