«Тәлімгерлер күні»

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыратын, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бұл жан-жақты тараптардың қатысуымен жүзеге асырылатын қиын әрі кешенді үрдіс.

Бұл үрдістің тараптарының ішінде оқытушылардың, тәлімгерлердің, әдіскерлердің, балалар мен жасөспірімдер ұйымы жетекшілерінің  алатын орны өте маңызды. Осыған байланысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы биыл 1-ші рет Президент күні аясында «Тәлімгерлер күнін» атап өтіп, тәлімгерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі Оқушылар сарайында өтті. Әр аға тәлімгер трибуна алдына шығып, барлық жиналған қонақтарымыздың алдында ант мәтінін мемлекеттік тілде жатқа айтты. Сәтбаев қаласының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі А. Наурызбаева аға тәлімгерлерді құттықтап, Қазақстан Республикасының жалпы білім беру саласына тәлімгер қызметіне кіре отырып, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімді ақтап, Қазақстан Республикасының болашағы – балалар тәрбиесіндегі жауапкершіліктеріңіз арта берсін деп сөзін аяқтады. Құрметті қонақ ретінде қала мектептерінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

Қ.Жұмабай, №27 орта мектебінің аға тәлімгері.

Комментарии закрыты.