Аэлун — күз ханшайымы

Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл ұлтымыздың қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.

«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі де бар.

Жақында №10 орта мектебінде физика пәні мұғалімі А.Каримбаеваның ұйымдастыруымен күз мезгіліне арналған «Алтын күз» мерекелік кеші өтті. Мерекеге әр сынып жақсы дайындықпен келіп, өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ,  жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа,  нәзіктікке, инабаттылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында «Күз ханшайымы — 2013» атты байқау өтті. Байқауға 5-9 сыныптар арасынан 8 үміткер қатысты.  Байқау 6 кезеңнен тұрды: таныстыру, өнерлі елдің баласы (қатысушы өз өнерін көрсету), күз туралы өлеңдер оқу, сегіз қырлы, бір сырлы (ептілік пен жылдамдық сайысы), шебер қолдар (әр түрлі заттардан қиялдап тігілген киімдер үлгісі) және күз сыйы (көкөністерден салат жасау).

Сайыста әр ару өздерін әр қырынан көрсете білді. Әсіресе, 6 сынып аруы Саринова Аяужанның киімі өте ерекше үлгіде тігілген. Әр сайыста қазылар алқасы әділ бағаларын беріп отырды.

Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау арулардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалды.

Жүлделі ІІ орынды Айтыкеш Аружан, І орынды Саринова Аяужан алса, «Күз ханшайымы – 2013» атағына Төленбаева Зере лайық деп табылды. Сонымен қатар, ІІІ орынды Құсатаева Ақнұр мен Ордабаева Айнұр алса, ІІ орынды Боранбай Тоғжан, І орынды Сарбасова Камила иеленді. Ал сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай, ақ жүзді, жылы жүзінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты деп танылған Искакова Аэлун «Күз ханшайымы – 2013» атағын жеңіп алды.

М.Кендірбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Комментарии закрыты.