Күз аруы анықталады

Ы.Алтынсарин атындағы № 19 орта мектепте 6-8 сыныптар арасында «Күз аруы-2013» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.

Байқау 7 бөлімнен тұрып, оған 10 сайыскер қатысты. Бас жүлдені 7 «А» сынып оқушысы Дәулет Аружан, І орынды 6 «А» сынып оқушысы Тлемисова Аружан, ІІ орынды 8 «А» сынып оқушысы Өмірбекова Сағыныш, ІІІ орынды 7 «В» сынып оқушысы Қайрат Аружан иеленсе, қалған сайыскерлер номинацияларға ие болды. Сайыс соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Б.Шукенова болашақта сайыскерлерге одан әрі өздерін тек жақсы жағынан көріне беруін айтып, ата-аналар мен ұстаздарға алғысын білдірді. Байқауға қатысушылардың барлығы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Сайыстан соң оқушыларға арнап би кеші ұйымдастырылды.

А.Абсаликова, педагог-ұйымдастырушы.

Комментарии закрыты.