Онкүндік қорытындыланды

20131206_08_06Қазіргі таңда жолда жүру ережелерін дұрыс білмегендіктен адам өмірінде, әсіресе балалар өмірінде, қауіпті оқыс жағдайлар кеңінен орын алып отыр. Жол-көлік оқиғалары жылдан жылға артып келеді, жаяу жүргіншілер де, көліктілер де көбейе түсуде. Көшелер мен жолдағы жағдайлар күннен күнге күрделеніп, адам өміріне қауіп-қатер төнуде. Сондықтан, жол-қауіпсіздік ережелерін жатқа білу, оларды балабақшадан, мектеп қабырғасынан бастап бала бойына сіңіру баршаның міндеті деп санау керек.

Біздің №16 мектепте «Абайлаңдар, балалар!», «Сақ жүріңдер көшеде!» атты онкүндік өтті. Оған «Жас жол инспекторларынан» жасақталған 2 топ қатысты. Бір топ 8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Жас ұлан» тобы, екіншісі – 4 «А» сыныбынан құралған «Бағдаршам тобы».

Мектебімізде жол ережелерін меңгеруге арнап безендірілген, көрнекіліктермен жабдықталған, автокөлік макеттерімен жасақталған екі кабинет бар. Онда түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

«Жас Ұлан» тобы бірнеше жылдан бері жол ережелерін насихаттап, сәуір айында өткен қалааралық байқауда Бас жүлдені иемденіп, Қарағанды қаласына жолдама алды.

Қарағанды қаласында өткен жас жол инспекторлары отрядының ХІV облыстық слетінде «Үздік топ» ІІ орын алып, ерекше белсенділігі үшін Қарағанды облысының жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Е.Мақанов және Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Е.Иманғалиевтың Құрмет грамотасымен топ мүшелері және топ жетекшілері, мектеп психологы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шоқыбаева, мектеп әскери бөлімшесінің мұғалімі М. Сариев марапатталып, топ мүшелеріне және «Жас Ұлан» тобына бағалы сыйлық тапсырылды.

Жаңа оқу жылында мектебімізде жалғасын тауып отырған жол ережелерін сақтау, жол қауіпсіздік белгілерін ажырата білу, жас жеткіншектерге насихаттау барысында «Абайлаңдар, балалар!», «Сақ жүріңдер көшеде!» атты өткен он күндік шеңберіндегі бастауыш сынып оқушылары сұрақ-жауап арқылы өз білімдерін шыңдаса, «Бағдаршам» тобы мен «Жас Ұлан» тобы сахнада үгіт-насихаттау өнерін ұсынды. Акцияға қатысқан жол полиция инспекторлары өз ойларын ортаға салып, оқушыларға жолда сақ болу, сақтану, бағдаршамға қарап, дұрыс жүріп-тұру керектігін түсіндіріп берді.

Роза Жулдузгалиева.

Комментарии закрыты.