Қаржыны мақсатты пайдалану – міндетіміз

Әлем экономикасының бүгінгі құлдырауына, дағдарысына бәріміз куәміз. Бүкіл қоғамға салмағын түсіріп отырған дағдарысты еңсеру билік органдарының ғана емес, барша халықтың міндеті болып отыр. Елбасының көрегенді саясатының арқасында дағдарыстан шығу міндеттері белгіленді. Жолдауда бұл міндеттер нақты көрсетілген.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға, өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау керек. Бюджеттік-қаржылық процесске деген қөзқарас жекелей салымдарға қөзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуы тиіс. Басқаша айтқанда, бір де бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс. Мемлекеттік бюджет ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс. Инвестиялар үшін объектілерді олардың мақсаттылығы және қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу қажет. Ең заманауи объектілердің өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер әкелмейтін болса және ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса бюджетке масыл боларын есте сақтаған жөн» деп атап өтті.

Қазынашылық басқармасы Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы, Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде моноқалаларды ағымдағы жайластыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, жобаларды іске асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру бойынша бөлінген бюджет қаржысын мақсатты және тиімді пайдалану үшін бірінші кезекте қаржылық тәртіптің толық орындалуын қамтамасыз етеді.

Ал енді қаламыз бойынша айтатын болсақ, осы бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен 743943,0 мың тенге бөлінген. Бұл қаржы ондаған нысандарды қаржыландыруға жұмсалды. Оның ішінде 66637,0 мың тенге №25 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, 298622,0 мың теңге автокөлік жолдарын жөндеуге, 173500,0 мың теңге Кеншілер алаңын қайта қалпына келтіру және жайластыруға, 181,0 мың теңге кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға және жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге, 24294,0 мың теңге Жұмыспен қамту-2020 бағдарламаларына бағытталған.

Қазіргі таңда қазынашылықтың алдына қойылған бағдарлы мақсаттар мен негізгі міндеттер толығымен жүзеге асырылуда. Үкіметіміз де халықты дағдарыс қыспағынан шығару мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр.

Сондықтан, ел мүддесі үшін атқарылатын бұл мақсатты міндеттерді іске асыруға Қазынашылық басқармасының қызметкерлері мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету сапасын арттыруға қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Б.Шәкенов, Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасының басшысы.

Комментарии закрыты.