Мұғалімдер көмекке келді

«Жол картасы» бағдарламасының аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан №27 қазақ орта мектебіне басшылық жасаушы Алма Аманова өз ұжымымен және «Стандарт» акционерлік қоғамының мүшелерімен күні-түні дамылсыз еңбек үстінде.Мектебімізде жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқан кезде ұстаздар да қол қусырып отырған жоқ. Барлық мұғалімдер өз кабинеттерін жөндеп, тазалық жұмыстарына көмек беруде.

Шілде айының ортасынан бастап кітапхананы жөндеуден өткізіп, ретке келтірді. Көппен бітетін шаруа екенін түсініп, көмек берген мұғалімдерді атап айтқым келеді. Олар: А.Сәдуақасова, Ә.Мұхтарова, А.Мұқажанова, Г.Омарова, Т.Айтқалиева, Б.Телғараева, С.Маженова және Р.Қапарова.

Осындай ұйымшыл, өз еріктерімен қол көмектерін созған мектебіміздің мерейін көтеретін ұстаздарымыздың саны да, даңқы да арта берсін.

М.Мейрамова, кітапханашы.

Комментарии закрыты.