20 мың теңгеге сертификат берді

20131206_02_02Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сәтбаев қалалық әділет басқармасының бастығы Мақсат Мүсілімов кеншілер қаласының тұрғыны, үш немересін бағып отырған ақсақал Моряк Жамановқа 20 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

– Біздің басқарма мұндай іс-шарадан еш қалыс қалған емес. Тұңғыш Президент күні қарсаңында да қаламыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасына қайырымдылық шарасын жасауды ұйғарған едік. Мұқтаж жандар тізімінің ішінен маған Моряк әкейдің жағдайы ерекше әсер етті. Сондықтан, біз Мәкеңді арнайы шақырып, мына 20 мыңдық сертификатты тапсырып отырмыз. Бұл сертификатқа «Самади» әмбебап сауда жүйесінен қажетті тағамдарын өз қалауларынша сатып алатын болады, – дейді Мақсат Русланұлы.

Азаматтың мұндай атымтайжомарттығына Моряк әкей де дән риза болды.

– Біз бір үйде төрт жан үйемелі-сүйемелі тұрып жатырмыз. Келінім қайтыс болып, ұлым бөлек кетті де, үш немерем төртеуіміз қалдық. Қала әкімдігі, азаматтар осылай қолдарынан келгенінше көмектерін жасауда. Оларға алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Мәкең риясыз көңілмен.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.