Шығармашылық апталық өтті

Жақында №33 балабақшада мұғалімдердің шығармашылық апталығы өтіп, оның бір күні денсаулық сақтау саласына арналды.

Апталық аясында мұғалім Г.Сабырбаева ертегі кейіпкері «Спортакус» бейнесінде сабақ жүргізіп, онда балалар ойын түрінде жаттығулар жасады. Өмірдің қауіпсіздік негіздеріне құрылған Г.Мағзұмованың «Өрттен сақтан» сабағы да жоғары деңгейде өткізілді. Сабақ барысында балалар ата-аналарымен бірігіп өрт тақырыбына арналған суреттер салып, танымдарын кеңейтті. Іс-шараға қатысқан өрт сөндіруші А.Бекетаев бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігі жайындағы парақшалар таратып, әңгімелер жүргізді.

Балабақша ұстаздары Т.Куртеева тұзбен емдеу, фитошайлардың пайдасы, денені шынықтырудың әдіс-тәсілдері туралы сабақ өткізсе, Т.Шарченко мұғалімдер мен балалардың шеберлігін жан-жақты шыңдайтын денсаулық мерекесін ұйымдастырды. Мұнда тәрбиеленушілер «Степ-аэробика» қозғалысын жиналғандар алдында орындап шықты. Осылайша жаңашыл технологияларды пайдаланып өткізілген шығармашылық апталыққа қаламыздың басқа білім ордаларынан 40-қа жуық ұстаздар қатысты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.