Кітап көрмесі сыр шертті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Баубек Бұлқышев атындағы орталық кітапханада қалалық мұрағат қызметкерлері мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Президент – тұрақтылық кепілі» атты сурет көрмесі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолдарынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сурет көрмеде Елбасының Сәтбаев қаласына әр жылда келген іс-сапарларының суреттері қойылды.

Іс-шара барысында «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің» атты Президент жайлы слайд көрсетілді және «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Іс-шараға №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жанатаева Т.Қ. қатысты. Оқушылар «Президент жайлы не білеміз?» атты викториналық сұрақтарға жауап берді, Елбасы жайлы мағлұматтарын айтты.

Ш.Сабырова, кітапханашы.

Комментарии закрыты.