Бүлдіршіндердің өнер мерекесі

Қаламыздағы №16 жалпы білім беретін орта мектепке қарасты шағын орталықтың І-тобында тәрбиеші Ұ.Хужаеваның ұйымдастыруымен «Алтын Күз» мерекесі өтті.

«Алтын Күз» ертеңгілігінің мақсаты балаларға күз мезгілінің ерекшелігін көрсету, бейнелі сюжет құрап, ойын арқылы ой-өрістерін, қиялын, тілдік қорын дамыту болды. Сонымен қатар, іс-шара табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеуге де негізделді.

Оқушы Н.Нұрахан Күз ханшайымы кейпіне еніп, балаларға жұмбақтар жасырып, ата-аналардың қатысуымен ойындар ойнатты. Әртүрлі жемістер мен көкөністер туралы тақпақ, өлеңдерін айтқан балақайларға сыйлықтар үлестірді.

Бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалаған біз, ата-аналар, екі ай уақытында балаларымыздың түр-түсті ажыратуды үйренгеніне, көкөністер мен жемістің қайда өсіп, дастарханға қалай келетінін білетініне куә болдық. Сахнада еркін би билеп, әуендетіп ән салғанын көріп те қуанышқа кенелдік. Бұл, әрине, топ жетекшісі Ұлжамал Бахитовнаның оқушыларды өнерге баулудағы қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденісінің жемісі екені сөзсіз.

Мереке соңында мектеп әкімшілігі атынан бастауыш психологы Р.Жұлдызғалиева іс-шараға белсене қатысқан балалар мен ата-аналарға ризашылығын жеткізді.

Ата-аналар атынан М.Макашева.

Комментарии закрыты.