Айгерім Батыршай, кәсіпкер: «Кәсіпкерлігімді дамыта түсемін»

20131213-02-03– Мен еліміз өз Тәуелсіздігін жариялаған жылы дүниеге келіппін. Содан бері, міне, қазақ елінде ашық аспан астында, бақытты балалық шығымды өткізіп, аңсаған арманыма қол жеткіздім. Мектепті бітірген соң өз қалауыммен 2009-2010 жылдары қалалық №6 кәсіби лицейде шаштараз-сәнгер мамандығын меңгеріп шықтым.

Бүгінде елімізде үлкен істер жүзеге асырылып жатыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, қадамы нық. Жастарға жан-жақты жағдай жасалып, барлық мүмкіндіктер берілген. Қалаған мамандықты алып, еркін еңбек етуге құқылы. 2013 жылдың 22 наурызында біз де отбасымызбен жеке кәсібімізді ашып «Тойбастар» дүкенін аштық. Қазір еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз.

Жастарға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Елбасымызға алғысымыз шексіз. Әке-шешем мен бауырларым менің Тәуелсіздік құрдасы болғанымды мақтан тұтады. Өзім балалық шағымды еркіндікте алаңсыз өткіздім. Бүгінде жолдасым Нұрлан екеуіміз еліміздің болашағы   қызымыз Аружанды тәрбиелеп отырмыз. Одан әрі бала санын көбейтіп, көп балалы отбасылардың қатарынан орын алу да жоспарымызда бар.

Жұртшылық Тәуелсіздік құрдасы деп құрметпен қарайтынына өзімді бақытты сезінемін. Мереке құтты болсын, барша қазақстандықтарға бақыт тілеймін!

Комментарии закрыты.