Қуанышбек Омаров, жас маман: «Арманым – туған қаламды түлету»

20131213-02-04– Тәуелсіздіктің таңында келген перзент ретінде мен бейбітшіліктің мағынасы мен маңызын жете түсінуге тырысамын. Тәуелсіздікті ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандап, аңсап өткен. Сол жолда қаншама Алаш азаматы басын бәйгеге тіккенін де білеміз. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.

Біз – Тәуелсіздік құрдастары – ел ертеңі үшін Қазақстан егемендігінің тұғыры берік болуы жолында еңбек етуге дайын маман болуға талпынуымыз керек. Бұл – әр жастың көкейінде жүрген асыл арманы. Мен 2009-2013 жылдары «Қазтұтыну» одағы Қарағанды экономикалық университетінде білім алдым. Бизнес және құқық факультетінің әлеуметтік жұмыскер мамандығын ойдағыдай тәмамдап шықтым. Қазір Алматыдағы «Дана жол» ЖШС қолданбалы экономика орталығында экономист-сарапшы қызметін атқарып жүрмін. Еңбек жолымды бастағаныма бір жыл болды. Алға қойған мақсаттарым, армандарым көп. Туған қалам Сәтбаевқа келіп, жұмыс істесем деймін.

Бойымызға Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді сіңіре отырып, Тәуелсіздіктің мәртебесін көтеретін тың істерге атсалысу – біздің басты міндетіміз. Ағалар салған даңғыл жолды жалғай алсақ, Тәуелсіздігіміз де тұғырлы болмақ. Бейбітшілік туы желбірей берсін деген тілек айтамын!

Комментарии закрыты.