Тұңғыш президент күні

№10 орта мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Соның бірі – 4 сынып жетекшісі Б.Айжанованың ұйымдастыруымен өткен «Ел мен Елбасы» атты тәрбие сағаты. Тәрбие сағаты оқушыларға қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беріп, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеп, шәкірт жүрегінде Елбасына сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында өтті. Бұл іс-шарада ҚР Конституциясы мен Елбасы туралы көптеген мағлұматтар айтылды.

Сонымен қатар, 9 сынып жетекшісі К.Аймагамбетова мен физика пәні мұғалімі А.Каримбаеваның ұйымдастыруларымен 8-9 сыныптар арасында «Елбасы туралы не білеміз?» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыс оқушыларға Елбасының әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған Президент екенін таныту, саяси сауаттылығын арттырып, оқушылар білімін кеңейту, ой өрістерін дамыту , Елбасымызға деген құрмет сезімдерін тереңдетіп, ҚР-ның өркендеуіне өз үлестерін қосатын оқушылар тәрбиелеу мақсатында жүргізілді. Зияткерлік сайыста екі сынып «Жалын» және «Шабыт» деген топтардан құралды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

«Шабыт» тобының ұпай саны көп болып, осы ойынның жеңімпазы атанды.

М.Кендірбаева, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Комментарии закрыты.