Ұлдарымыз бен қызымыз ерледі

Приозерскіде қала әкімінің жүлдесі үшін өткен бокстан ашық біріншілікке сәтбаевтық жаттықтырушы Дүйсенбай Қаңтарбаевтың жас боксшылары да қатысты.Бұл сайыс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 18 жылдығына арналды. Оған 1993-94, 1995-96 және 1997-98 жылдар аралығында туған жасөспірімдерден құралған Астана, Шу, Приозерск, Сарышаған, Балқаш, Шахтинск және Қарағанды қалаларының командалары қатысты.

Жекпен-жек сайыс нәтижелері бойынша сәтбаевтық Темірлан Жұмабеков (№4 мектеп-лицей) 38кг салмақта бірінші орынды жеңіп алса, Әділет Мүсілімрв (№16 мектеп, 50кг) және Болат Ерқанат (№16 мектеп, 42 кг) жүлделі ІІІ-ші орынды иемденді.

Ал, Сәтбаев командасындағы жалғыз қызымыз Азиза Мырзахметова (№16 мектеп, 50кг) ерлеп, екінші орынды жеңіп алды.

Сәтбаевтық жас боксшылардың бұл сапарына қаламыздың білім және спорт бөлімі демеушілік жасады.

М.Әбішев.

Комментарии закрыты.