Өткенсіз келешек жоқ

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек», — деп атап көрсеткен болатын. 1998 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына 15 жыл толады.

Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты 13.12.1990 жылдың №111/13 Жезқазған облысының халық депутаттар Кеңесі мен Атқарушы комитетінің шешіміне байланысты 17.01.1991 жылғы №3/18 Сәтбаев қаласының халық депутаттар Кеңесі мен Атқарушы комитетінің шешіміне сәйкес жеке құрамы бойынша мұрағат шаруашылық есеп бөлімшесі болып құрылған.

Қазіргі уақытта мұрағатта 163 қор – 70000 мыңға жуық сақтау бірлігі жинақталған. Мұрағат қорында 1930 жылдардан бастап араб, латын тілінде жазылған құжаттар сақталған.

Мұрағатта қалалық мекемелерінің оның ішінде әкімшілік, мәслихат білім, денсаулық мекемелері құжаттары сақталған, жабылған өнеркәсіп, оқу мекемелерінің, үй құрылыс комбинаты, «Казмедьстрой» рестінің құжаттары, Никольск қалалық сауда мекемесі, Жезқазған мәдени-ағарту училищесі, Жезқазған тау-кен техникумы және де басқа кәсіпорындарының құжаттарымен жасақталған.

Мемлекеттік сақтау қорына құжаттардың түсуі жыл сайын өсіп азаматтардың әлеуметті-құқықтық сұрақтары бойынша өтініштері көбейді. Бір жылда 2000 нан астам өкініштер жеке мен заңды тұлғалардан Ресей Украина, Беларусь, Израиль, Германия сияқты көрші елдерден түседі.

Мұрағат қала өміріндегі арихи-мәдени оқиғаларды бейнетаспаға суретке түсіріп, арнайы бейнетаспа, сурет құжаттарының қорын жинақтайды.

Мұрағат құжаттарды қабылдап, жинақтап қана қоймай, оның пайдалануымен айналысады. Ұлы Отан соғысының Жеңісіне арнап «Ешкім де ұмытылмайды, ешкім де ұмытпайды», «Жеңіс туын желбіреткендер», Жеңістің 65 жылдығына «Жүрек толғауы», «Ауғанстан жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 20 жыл «Ауған жауынгерлері», «Сәтбаев қаласы 20 жылдық белес» жинақтарын шығарды. «Сәтбаев қаласының көшелері», «Сәтбаев қаласы 40 жылдық белес» атты кітаптар жарыққа шықты.

1999 жылдан мұрағат өңірге еңбегі сіңген азаматтардың жеке құжаттарын қабылдау басталды.

Мұрағатта «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» Байбосынов Шермұхамбет, Сүлейменов Бірман, Қалиев Қожа, Аманжолов Ақбар, «Социалистік Еңбек ерлері» Лукинский Федор, Баймағамбетов Демберген, Кентаев Казымхан қорлары, Қазақстан Республиксының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын-импровизатор Шынболат Ділдебаев, академик Әсер Иманғалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Зинаида Чумакова, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Мәуия Бекмағанбетованың жеке қорлары жинақталған.

Мұрағат халық пен мемлекеттік құжаттық жады. Мұрағатты жинау, сақтау және оны үздіксіз пайдалану мәселелері ғылым мен мәдениет қауымдастығы тарапынан әрқашанда қызығушылық танытып келе жатыр.

Мемлекетіміз мұрағаттар мен мұрағаттық құжаттарды қазақ халықының бай, әрі кең көлемдегі мәдени игілігінің құрамдас және ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, сол проблеманы шешуді өз міндетіне алып отыр. Осы бағыты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңы айқындайды.

Мұрағата құжаттарын жинау, сақтау және пайдалану келер ұрпаққа маңызы зор екендігін бүгінгі күнде ойдан шығармауымыз керек. Тарихи деректер арқылы біз қандай жетістікке жеткеніміз, елдің дамуы үшін қандай іс шаралар жүзеге асырылғанымыз айқындалады.

Қалалық мұрағатты әр жылы басқарған басшылары 1991 жылдан 1993 жылға дейін Тояқбаева Айсұлу Қабырқызы, 1993 жылдан Кислицына Ольга Алексеевна, 1994 жылдан Банникова Александра Анатольевна, 2002 жылдан бастап Төлендина Айгүл Қосманқызы мұрағат жұмысын жаңартуға өз үлестерін қосты.

Қазіргі уақыта мұрағатшы мамандығының қоғамдық маңызы артып келеді, олар халқымыздың құжаттық мұрасын сақтап қалу жолында еңбек етеді. Себебі, ешбір елдің кешегі өткен тарихы болмаса болашағының болуы мүмкін емес.

А.Сырманова, Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы.

Комментарии закрыты.